«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ медициналық ЖОО мәліметіне Қостанай облысы бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін талап етілетін мамандықтар тізімін жеткізеді:
- ересектерге, балаларға арналған анестезиология және реанимация (6R112600) - 5 грант;
- ересектерге, балаларға арналған акушерлік және гинекология (6R114400) - 5 грант;
- неонатология (6R114300) -5 грант;
- Сот сараптамасы (6R114700) - 5 грант.
Медициналық ЖОО үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс (бұдан әрі - Конкурс) жариялайды.
Медициналық ЖОО конкурстық құжаттаманы 2021 жылғы 07 қыркүйек пен 13 қыркүйек күндері аралығында сағат 16.00-дейін ұсынады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін медициналық ЖОО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес конкурстық өтінімді электронды форматта ұсынады, оның ішінде келесі құжаттар:
1) осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы университеттің өтініші;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖОО сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес, белгіленген оқу жылына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша ұсыныстар.
(«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»
ММ адами ресурстарды басқару және дамыту бөлімі,
тел. 8 714 2 39 05 17, электрондық пошта: odzkost-ok@yandex.ru)