2021 жылғы 9 айдағы Денсаулық сақтау басқармасындағы азаматтардың өтініштерімен жұмыс жағдайы туралы

2021 жылдың 9 айында басқармаға 689 өтініш келіп түсті, 555 өтініш қаралды және шешілді, оның ішінде: қанағаттандырылды - 266, бас тартылды – 126, түсіндірілді - 157, тоқтатылды - 6. Құзырет бойынша қарау үшін 130 өтініш жолданды, 1 өтініш есептен шығарылды.

2020 жылдың ұқсас кезеңінде 681 өтініш келіп түсті, 565 өтініш қаралды және шешілді, оның ішінде: қанағаттандырылғаны - 248, бас тартылғаны – 117, түсіндірілгені - 196, тоқтатылғаны - 4. Құзыреті бойынша қарау үшін 84 өтініш қайта жолданды.

2021 жылдың басынан басқарма жеке қабылдаудан 3 өтінішті тіркеді, олардың біреуі бойынша қанағаттанарлық шешім қабылданды, екіншісі бойынша түсіндіру сипатындағы жауап берілді және үшінші өтініш жұмыста. 2020 жылы жеке қабылдаудан 7 өтініш тіркелді: біреуі бойынша қанағаттанарлық шешім қабылданды, 5 өтінішке түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді және 1 өтінішке қанағаттандырудан бас тартылды. Жеке қабылдауға жүгінген сұрақтар: ауруханаға жатқызуға көмек көрсету, күрделі тексеруден өту, паллиативтік бөлімшеге анықтау, республикалық клиникаларға емделуге жіберу.

2021 жылы өтініштердің өсуі 1,2% - ды құрайды.

Ең өзекті мәселелер денсаулық сақтау мәселелері – 265 (емдеуге көмек, Дәрілік препараттарды алу, медициналық көмек көрсету сапасы, мүгедектікті алуға жолдама, республикалық клиникаларға емделуге жолдама, COVID-19 – ға қарсы вакцинация), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері-25 (мүгедектікті алу, инфекциялық стационарлардағы жұмысы үшін үстемақы төлеу) болып табылады.

Дата публикации
01 ноября 2021