Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторы 01.02.2021 ж.489 медициналық объектіні қамтиды (01.02.2020 ж. – 490).
Облыс халқына емдеу-профилактикалық көмекті: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 ЖИТС орталығы, 7 емхана, 41 дәрігерлік амбулатория, 72 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт) көрсетеді.
Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 539 төсекті құрайды.
Төсектермен қамтамасыз етілу (10 000 тұрғынға шаққанда)52,13 құрайды.
Облыста 01.02.2021 ж.жағдай бойынша 1 983 дәрігер (01.02.2020 ж. жағдай бойынша-1910) және 6 172 орта медицина қызметкері (01.02.2020 ж. жағдай бойынша – 6176) жұмыс істейді.
Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) 01.02.2021 ж.Дәрігерлермен – 22,78 (01.02.2020 ж. – 21,85), орта медициналық қызметкерлермен – 70,89 (01.02.2020 ж. – 70,65) қамтамасыз ету.
Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:
Ана өлім-жітімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері):
Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 4,3-тен 2,5-ке дейін төмендеді.
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,0-ден 0,1-ге дейін өсті (алдын ала деректер).
15-49 жас аралығындағы топта АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,439% - ды құрады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде көрсеткіш 0,391% - ды құрады.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 22,5-тен 16,8-ге дейін төмендеді.
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 7,1-ден 7,0-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша деректер алдын ала