Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің 01.03.2021 ж. қорытындысы

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторы 01.03.2021 ж.489 медициналық объектіні қамтиды (01.03.2020 ж. – 490).

Облыс халқына емдеу-профилактикалық көмекті: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 ЖИТС орталығы, 7 емхана, 41 дәрігерлік амбулатория, 72 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт) көрсетеді.

Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 589 төсекті құрайды.

Төсектермен қамтамасыз етілу (10 000 тұрғынға шаққанда) 52,71 құрайды.

Облыста 01.03.2021 ж.жағдай бойынша 1 983 дәрігер (01.03.2020 ж. жағдай бойынша-1910) және 6 172 орта медицина қызметкері (01.03.2020 ж. жағдай бойынша – 6176) жұмыс істейді.

Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) 01.03.2021 ж.Дәрігерлермен – 22,78 (01.03.2020 ж. – 21,85), орта медициналық қызметкерлермен – 70,89 (01.03.2020 ж. – 70,65) қамтамасыз ету.

Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:

  • 2020 жыл – 13,5/25
  • 2021 жыл – 10,2/17

Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ОӘБ деректері) өсті:

  • 2020 жыл - 0/0
  • 2021 жыл - 59,9/1

Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 9,4-тен 6,1-ге дейін төмендеді.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,3-тен 0,5-ке дейін өсті (алдын ала деректер).

15-49 жас аралығындағы топта АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,446% - ды құрады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде көрсеткіш 0,362% - ды құрады.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 45,6-дан 39,1-ге дейін төмендеді.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 12,4-тен 13,5-ке дейін өсті (өлім-жітім бойынша деректер алдын ала).

Дата публикации
10 марта 2021