Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің 01.05.2021 ж. қорытындысы

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторы 0

1.05.2021 ж.489 медициналық объектіні қамтиды (01.05.2020 ж. – 489).

Облыс халқына емдеу-профилактикалық көмекті: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 ЖИТС орталығы, 7 емхана, 41 дәрігерлік амбулатория, 72 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт) көрсетеді.

Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 604 төсекті құрайды.

Төсектермен қамтамасыз етілу (10 000 тұрғынға шаққанда) 53,13 құрайды.

Облыста 01.05.2021 ж. жағдай бойынша 1 945 дәрігер (01.05.2020 ж.жағдай бойынша-1903) және 6 136 орта медициналық қызметкер (01.05.2020 ж. жағдай бойынша – 6152) жұмыс істейді.

Облыс бойынша 01.05.2021 ж.жағдай бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) дәрігерлермен – 22,45 (01.05.2020 ж. жағдай бойынша – 21,77), орта медициналық қызметкерлермен – 70,81 (01.05.2020 ж. жағдай бойынша – 70,37) қамтамасыз ету.

Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:

  • 2020 жыл – 12,4 / 46
  • 2021 жыл – 10,1/35

Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ОӘБ деректері) төмендеді:

  • 2020 жыл - 54,1/2
  • 2021 жыл-28,9/1

Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 16,8-ден 13,7-ге дейін төмендеді.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,5-тен 1,0-ге дейін өсті (алдын ала деректер).

15-49 жас аралығындағы топта АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,455% - ды құрады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде көрсеткіш 0,408% - ды құрады.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 88,0-ден 86,1-ге дейін төмендеді.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 22,5-тен 23,5-ке дейін өсті (өлім-жітім бойынша деректер алдын ала).

Дата публикации
10 мая 2021