Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігері/басшысы лауазымына кандидаттардың әңгімелесуге жіберілген тізімі және оны өткізу кестесі:
- Альмагамбетов Қуат Райханұлы;
- Баймагамбетов Арман Есетович;
- Донбай Абылай Абдужаппарұлы.
Әңгімелесу 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15:00-де «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігерінің кабинетінде, мекенжайы: Қостанай қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 9-үй, өткізіледі.
Ескерту: Әңгімелесуді өткізу тәртібі
Әңгімелесу келесі кезеңдерден тұрады:
- «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК-ның даму жоспарын таныстыру (қатысушы «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК-ның даму жоспарын таныстыру барысында КМК-ның негізгі проблемаларына талдау жасап, оларды шешу бойынша ұсынылатын шараларды ұсынады);
- Кандидаттың құзыреттерін бағалау (құзыреттерді бағалау барысында денсаулық сақтау саласының негізгі нормативтік құқықтық актілері, мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар жөніндегі білім деңгейі анықталады).