Тегін дәрі-дәрмектер: чат-бот арқылы қолжетімділікті тексеріңіз

Бірыңғай дистрибьютор "СК-Фармация" халық үшін ыңғайлы цифрлық сервисті іске қосты. Енді ТМККК мен МӘМС аясындағы тегін дәрі-дәрмектер туралы барлық ақпаратты санаулы рет басу арқылы телефоныңыздан біле аласыз. 

 

❓ Чат-бот не істей алады? 

  • Сіздің емханада дәрі-дәрмектердің барын ЖСН немесе рецепт нөмірі арқылы тексеру.
  • Қажетті препарат уақытша қолжетімсіз болса, жеткізу күндерін көрсету.
  • Мемлекет сатып алатын тегін медикаменттердің тізімдерін беру.
  • Егер сізге беруден бас тартылса, шағымдар мен өтініштерді қабылдау.

 

📲 Оны қалай пайдалануға болады? 

  1. Медициналық ұйымдағы ақпараттық стендтен QR-кодты табыңыз.
  2. Смартфон камерасымен оны сканерлеңіз.
  3. Чатқа өтіңіз (сервис Telegram мен WhatsApp-та қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді).
  4. Ашылған мәзірден қажетті қызметті таңдаңыз.

📞 Егер бот көмектеспесе: әрқашан 1439 қысқа нөмірі бойынша мобильді және қалалық телефондардан бірыңғай анықтама қызметіне тегін қоңырау шала аласыз.

Дата публикации
04 августа 2026