Жоба
«Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі №75 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23595 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына:
келесі мазмұндағы 37, 38, 39, 40-тармақтармен толықтырылсын:
«37. «Пегвисомант» препараты, гипофиздің гормоналды белсенді ісіктері бар азаматтарға арналған, еріткіші бар тері астына енгізілетін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат. Акромегалия.
- «Лорлатиниб» препараты, таблеткалар, онкологиялық аурулары бар азаматтарға арналған.
- «Помалидомид» препараты, капсулалар, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарға арналған.
- «Венетоклакс» препараты, таблеткалар, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарға арналған.».
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы