«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша есебі

«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер мәселелері бойынша есебі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ(бұдан әрі – Аппарат) ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан республикасының  заңнамасымен  қаралған  функцияларды  жүзеге  асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Орналасқан мекен-жайы: 110500, Қостанай  обласысы, Денисов ауданы, Антоновка ауылы, Садовая көшесі,38, байланыс телефоны:8-71434-97-2-73,электрондық пошта: telman_co@mail.kz          

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

 

Қазақстан Республикасының Цифрліқ даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушінің  31.01.2020 жылғы № 31/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет Тізіліміне сәйкес, қызмет көрсетуші келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсаттын өзгертуге шешім беру»;
  2. «Кент,ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

  1. «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  2. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
  3. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

 

       6 (алты) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

2024 жыл қорытындысымен барлығы 9 қызмет, оның ішінде электрондық лицензиялау порталы арқылы мемлекеттік органдарда  көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 9 қызмет, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация арқылы – 0 қызмет көрсетілді.

        Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 9;

        Төлеу негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0.

 

3) Барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша 2024  жылғы  барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылады: 

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі -9 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 100 %.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

                               

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормаларымен сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат еркін қол жетімділікте Денисов ауданы әкімдігінің ресми  интернет-ресурсында, сондай-ақ, «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендте орналастырылды.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызмет көрсету Facebook (instagram, facebook) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет алу тәсілдері туралы халықты тұрақты негізде ақпараттандыру жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мақсатында әкім аппаратының жауапты қызметшілері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.) қатысады. Өтініш жасаған жағдайда қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы білікті кеңес алады.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

         1) Мемлекеттік қызметтер  көрсету  процестерін  оңтайландыру  және автоматтандыру  нәтижелері.

Жер қатынастары саласында, әкім аппаратымен көрсететін 3 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және оңтайландырылған.

        2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.  

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты  Аппарат қызметшісі өзінің білім деңгейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді оқып зерделеу жолымен көтереді.

    

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2024 жылы арыз-шағымдар болған жоқ.

                                                      

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және бағалау бойынша уәкілетті  орган  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тексеру жүргізген жоқ.  

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері .

        2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстың тиімді болу үшін және қызметтер сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру үшін 2025 жылы мыналар жоспарлануда:

-мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету үшін қажетті шаралар қабылдау;

-тұрақты негізде басқарма ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу;

-мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды біліктілігін арттыру курстарына кестеге сәйкес жіберу;

        -ішкі бақылау жүйесін күшейту;

-көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есептілікті сапалы жасау;

- көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы халықты хабардар ету;

-осы есепті жариялау арқылы  талқылауды жүргізу.

 

Тельман  ауылдық округінің әкімі                                          А.Имаканов

Дата публикации
22 января 2025