АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
Антоновка а. 2024 жылғы «05» маусым
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылады.
«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – талдау) объектісі болып табылады.
«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, Тельман ауылдық округінің әкімі 2024 жылғы 26 ақпандағы № 12-ө өкім шығарылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Талданатын кезең-2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейін
Талдаудың мақсаты «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою болып табылады.
Талдаудың міндеті «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
2) талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған, талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды адамдарын жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
10) талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істер фабулалары;
11) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген сыртқы талдаудың нәтижелері;
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері;
13) талдау объектісі қызметкерлерінің, жұмыскерлерінің сауалнамасының нәтижелері;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылуына тыйым салынбаған өзге де мәліметтер
Нормативтік база:
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейін прокурордың ауылдық округ әкімінің актілеріне наразылықтары енгізілмеген. Негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша өкімдер әкім аппаратында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделді, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес келеді, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы».
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ауылдық округ әкімінің өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасауға, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтарға ықпал ететін ережелер белгіленбеген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Ішкі құжаттарда (бұдан әрі - ІҚ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейін кезеңде «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
2.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жер қатынастары саласында электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді, бұл жеке және заңды тұлғалармен тікелей өзара іс-қимылды болдырмайды.
Тельман ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 18 наурыздағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттерді жүктеу туралы» №17-ө өкіміне мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі міндеттер, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша бас маман Ирина Николаевна Миних жүктелген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты 5 (бес) Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Тельман ауданының ресми сайтында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі туралы толық ақпарат орналастырылған. Ақпарат заңнаманың өзгеруіне қарай жаңартылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейін кезеңде Тельман ауылдық округі әкімінің аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
«Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 7;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1.
Қалған мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер белгіленген тәртіпте қаралады, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: «Е-license» АЖ-мен істеу кезінде лауазымда тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасын үшінші тұлғаларға беру қаупі бар.
Жою бойынша ұсыныстар: «Е-license» АЖ-ға рұқсаты бар лауаымды адам уақытша болмаған кезде оны уақытша алмастыратын тұлға үшін қосымша еептік жазба жасауға құқылы. Қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне қол қоюға тұрақты негізде мониторинг жүргізу.
2.2. Кадр саясаты
Персоналды басқару. Кадрлардың қозғалысы
Мемлекеттік қызмет:
Тельман ауылдық округі әкімі аппаратының штат саны- 5 бірлік. Нақты саны – 5 әкімшілік мемлекеттік қызметші. Бос жұмыс орыны - 0.
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейін кадрлардың біліктілігін арттыру / қайта даярлау (өту орны: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы): біліктілігін арттыру – 2 қызметші «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (E-G-3), Тельман ауылдық округінің әкімі (E-R-1); қайта даярлау – 0.
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңдегі тағылымдамалар-0.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін әкім аппаратының барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары Мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақтылы табыс етті.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестес болуы; жақын туыстарының, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы); лауазымды адамдар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Тәртіптік тәжірибе
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде тәртіптік жаза болған жоқ.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) қызметкерлер бұзған жоқ.
Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады.
Еңбек тәртібі бұзылған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлерге теріс ақпарат орналастырылған жоқ.
Мүдделер қақтығысы:
Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет ету фактілерін анықтау мақсатында Тельман ауылдық округі әкімі аппараты қызметшілерінің жеке істері зерделенді. Қызметкерлер арасында туыстық байланысты растайтын деректер табылған жоқ.
Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімі ашық және мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы барлық әлеуетті өнім берушілерге қолжетімді және Мемлекеттік сатып алу электрондық түрде өтеді, бұл өнім берушілер мен тапсырыс берушілер арасындағы сөз байласуды барынша азайтады, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ - де 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде 80 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:
2) бір көзден алу тәсілімен:
а) өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша – 15, бұзушылықсыз өткізілді;
б) мемлекеттік сатып алу бойынша тікелей шарт жасасу жолымен - 26, бұзушылықсыз жүргізілді;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу: өткізілді - 4, бұзушылықсыз;
4) электрондық дүкен – 8, бұзушылықсыз;
5) негіздемелік келісімнің екінші кезеңі – 6, бұзушылықсыз;
6) алдын ала іріктеу - 0.
Мүдделер қақтығысы:
Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
2.3. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы
Құжаттаманы есепке алу
Салалық НҚА: «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 Қаулысы.
Жыл сайын есепті кезеңде тұрақты және жеке құрамның құжаттары цифрландырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі. Өтініштерге берілген жауаптары уақытша және нәтижелі қаралады.
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде жеке тұлғалардан 8 өтініш және заңды тұлғалардан 4 өтініш қабылданды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының кеңестерінде мемлекеттік қызметшілердің назары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін сақтау қажеттілігіне аударылады.
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде келіп түскен өтініштерді талдаумен:
Жеке тұлғалар өтініштерінің негізгі ерекшелігі:
- мәліметтер беру туралы сұрау салулар;
- жер қатынастары туралы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Мекеме интернет-ресурстарда, Instagram-да, «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сайтта ақпарат орналастырады.
«Наше Время» аудандық газетінде тоқсан сайын сенім телефонының нөмірі және ауылдық округ әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі жарияланады. Аппараттың қызметі туралы, бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тұрақты негізде өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
2.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг нәтижелері
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
2.7. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды. Бақылау функциясы қызметкерлердің еңбек тәртібін, этика нормаларын сақтауын бақылау бөлігінде ауылдық округ аппараты ұжымының ішінде іске асырылады, бұл функция өзге жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер етпейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
2.8. Сот практикасын талдау
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапкер ретінде үш сот процесіне қатысты. «Меншік құқығын сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы» талап қою талаптарының мәні. Мемлекеттік органның талап қою бойынша ұстанымы: «Шешім соттың қарауына, талаптар жоқ».
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі өткен кезеңінде «Тельман ауылдық округінің аппараты» ММ сот процестеріне талапкер ретінде қатысқан жоқ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
2.9. Қадағалау органдарын тексеру нәтижелері туралы мәліметтер
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңдегі талдау объектісіне қатысты бақылаушы органдарды тексеру және тексеру сипатындағы өзге де іс шаралар нысандары:
|
№ п/п |
Бақылаушы органның атауы |
жүргізу күні / кезеңі |
негіздеме |
анықталған бұзушылықтар |
нәтижесі |
|
1. |
Денисов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау және мониторинг бойынша аудан әкімінің бас инспекторы. |
2023 жылғы 18.09-22.09. / 2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қыркүйекке дейін
|
Бақылау іс-шарасын тағайындау туралы 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 35 бұйрық
|
Анықталмаған
|
- |
2.10. Фискалдық органдарды тексеру нәтижелері туралы мәліметтер
2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде фискалдық органдардан тексерулер болған жоқ.
2.11. Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері
Талдау барысында «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ уәкілетті тұлғалары тарабынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және азаматтардан түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
2.12. БАҚ және өзге де ақпарат көздерінің мониторингі
Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ уәкілетті тұлғалар тарабынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы жарияланымдар анықталған жоқ.
Әлеуметтік желілерді, блог-платформаларды, сондай-ақ басқа да интернет-ресурстарды ақпараттық талдаумен жоғарыда аталған хабарламалар да анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Қорытынды.
Деректерге талдау жүргізу нәтижесінде жұмыс тобы «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен деп бағаланады деген қорытындыға келді.
Денисов ауылдық округінің әкімі А.Б. Имаканов
Бас маман И.Н.Миних
Бас маман Т.А.Дрончуковская
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі
4-қосымша
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
|
|
|
|
|