Антоновка а. жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі

2024 жылғы 12 сәуірде сағат 18.30-де Қостанай облысы Денисов ауданы Антоновка ауылында жергілікті қоғамдастық жиыны өтті.

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабына сәйкес, 2024 жылғы 12 сәуірде сағат 18.30-де Қостанай облысы Денисов ауданы Антоновка  ауылында жергілікті қоғамдастық жиыны өтті.

Жиынның шешімі:

«Тельман ауылдық округінің елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру туралы» 1 сұрақ бойынша:

  1. Ауыл тұрғындары өздерінің үй маңындағы аумақтарын ретке келтірсін.
  2. Ауылдық округтің барлық ұйымдары мен мекемелері ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі екі айлықты өткізуге қатыссын.
  3. Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын сақтау.

 

«Жеке секторда мал жаюды ұйымдастыру туралы» 2 сұрақ бойынша:

  1. Антоновка ауылының жеке секторының бақташысы болып Батырхан Жаппасбаевич Срымов сайлансын.
  1. 1 бас ірі қара мал бағу құны – 6000 теңге белгіленсін. Мал жаю уақыты сағат 7.00 - ден 20.00-ге дейін жайылымның басталуы-2024 жылдың 20 сәуірінен бастап белгіленсін.
  2. Ауыл тұрғындары шопанмен мал жаюды жүзеге асыруға үшжақты шарт жасассын, жергілікті қоғамдастықтың өкілдері шарт жасасу үшін Бойко Евгений Николаевичті, Бойко Виктория Эмануиловнаны, Калиева Мадина Тайпановнаны таңдасын.

 

«Тельман ауылдық округі бойынша құқық бұззушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру барысы туралы» 3 сұрақ бойынша:

  1. Тельман ауылдық округінің учаскелік инспекторының Тельман ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру туралы ақпараты назарға алынсын..

 

«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту туралы» 4 сұрақ бойынша:

  1. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
  2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егістіктерде шөпті күйдіруді жүзеге асырмауға тиіс.

 

Дата публикации
16 апреля 2024