Алчановка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі

2024 жылғы 12 сәуірде сағат 17.00-де Қостанай облысы Денисов ауданы Алшан ауылында жергілікті қоғамдастық жиыны өтті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабына сәйкес, 2024 жылғы 12 сәуірде сағат 17.00-де Қостанай облысы Денисов ауданы Алшан  ауылында жергілікті қоғамдастық жиыны өтті.

Жиынның шешімі:

«Тельман ауылдық округінің елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру туралы» 1 сұрақ бойынша:

  1. Ауыл тұрғындары өздерінің үй маңындағы аумақтарын ретке келтірсін.
  2. Ауылдық округтің барлық ұйымдары мен мекемелері ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі екі айлықты өткізуге қатыссын.
  3. Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын сақтау.

«Жеке секторда мал жаюды ұйымдастыру туралы» 2 сұрақ бойынша:

  1. Алшан ауылының жеке секторының бақташысы болып Қайырхан Жамбыртайұлы Мұхтаров сайлансын.
  2. 1 бас ірі қара мал бағу құны – 4000 теңге белгіленсін. Мал жаю уақыты сағат 7.00 - ден 20.00-ге дейін жайылымның басталуы-2024 жылдың 1 мамырынан бастап белгіленсін.
  3. Ауыл тұрғындары шопанмен мал жаюды жүзеге асыруға үшжақты шарт жасассын, жергілікті қоғамдастықтың өкілдері шарт жасасу үшін Аяғанов Тасболат Ирмағамбетұлын, Қабжанова Майра Әлшімбайқызын, Петрущенко Валентина Анатольевнаны таңдасын.

 «Тельман ауылдық округі бойынша құқық бұззушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру барысы туралы» 3 сұрақ бойынша:

  1. Тельман ауылдық округінің учаскелік инспекторының Тельман ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру туралы ақпараты назарға алынсын.

  «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту туралы» 4 сұрақ бойынша:

  1. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
  2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егістіктерде шөпті күйдіруді жүзеге асырмауға тиіс.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі. Темір жол төсемінің жанында мал жаю мәселелері» 5 сұрақ бойынша:

  1. Жол қауіпсіздігін сақтау.
  2.  Ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымен және олардың тұрақты орналасқан жерінен жайылым орнына дейін және иелерінің қадағалауымен кері қозғалысын қамтамасыз ету.
  3. Темір жолдар мен автомобиль жолдары маңында қараусыз қалған малды жаюға жол  бермеу.
Дата публикации
16 апреля 2024