«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ(бұдан әрі – Аппарат) ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан республикасының заңнамасымен қаралған функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Орналасқан мекен-жайы: 110501, Қостанай обласысы, Денисов ауданы, Антоновка ауылы, Садовая көшесі,38, байланыс телефоны:8-71434-97-2-73,электрондық пошта: telman_co@mail.kz
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының Цифрліқ даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушінің 31.01.2020 жылғы № 31/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет Тізіліміне сәйкес, қызмет көрсетуші келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсаттын өзгертуге шешім беру»;
- «Кент,ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
- «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
2023 жыл қорытындысымен барлығы 8 қызмет, оның ішінде электрондық лицензиялау порталы арқылы мемлекеттік органдарда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 8 қызмет, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация арқылы – 0 қызмет көрсетілді.
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 8;
Төлеу негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0.
5 (бес) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;
МК, МО, ӘҮП 3 (үш) мемлекеттік қызмет көрсетіледі;
МО, ӘҮП 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
3) Барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша 2023 жылғы барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылады:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі -7 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 87,5 %.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормаларымен сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат еркін қол жетімділікте Денисов ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ, «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендте орналастырылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету Facebook (instagram facebook) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет алу тәсілдері туралы халықты тұрақты негізде ақпараттандыру жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мақсатында әкім аппаратының жауапты қызметшілері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.) қатысады. Өтініш жасаған жағдайда қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы білікті кеңес алады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Жер қатынастары саласында, әкім аппаратымен көрсететін 3 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және оңтайландырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты Аппарат қызметшісі өзінің білім деңгейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді оқып зерделеу жолымен көтереді. 2023 жылы Қостанай облысы бойынша филиалында «Qazaqstan Respublikasy Prezidentiniń janyndagy memlekettik baskary Akademiasy» RMOK-да мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттырды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2023 жылы арыз-шағымдар болған жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2023 жылы Денисов ауданы әкімі аппаратынң мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау және мониторинг бойынша аудан әкімінің бас инспекторы «Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ге қатысты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына қатысты бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылау іс-шарасының нәтіжесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері .
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстың тиімді болу үшін және қызметтер сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру үшін 2024 жылы мыналар жоспарлануда:
-мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету үшін қажетті шаралар қабылдау;
-тұрақты негізде басқарма ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу;
-мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды біліктілігін арттыру курстарына кестеге сәйкес жіберу;
-ішкі бақылау жүйесін күшейту;
-көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есептілікті сапалы жасау;
-округтың жиындарында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы халықты хабарландыру;
-осы есепті жариялау арқылы талқылауды жүргізу.