Меню

Страницы

Статья

Мерейлі отбасы

  1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

      Конкурс осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде жарияланады және "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

      Конкурсты өткізудің мақсаттары:

      1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

      2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

      3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

      4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

      2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

      3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

      4. Мыналар:

      1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

      2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Дата публикации
16 мая 2024
Дата обновления
16 мая 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
Мақалалар
12 февраля 2026
Заң және Тәртіп
12 сентября 2025
Ескертулер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы