Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары

«Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесніңі миссиясы - адамның толыққанды өмір сүру ортасын құру, Денисов ауданының елді мекендер мен аумақтарының инфрақұрылым кешенін тұрақты дамыту, көлік және коммуникациялар саласында қызметті қамтамасыз ету.

Міндеттер:

1) өз құзыреті шегінде ауданның көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.

Функциялары:

1) бағынысты кәсiпорынның қызметін күзгi-қысқы кезеңдi жұмысқа дайындығын бақылау және үйлестіру;

2) коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

3) аудан елді мекендерін абаттандыру және санитариялық тазалау бойынша жұмыстардың мониторингі;

4) аудандық коммуналдық меншіктегі жолдар мен жол кәсіпорындарын басқару;

5) қоғамдық пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары туралы деректер жинау;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және концессиялар саласында аудандық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

8) жалпы пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жүйесін басқару;

9) ауылдық, ауданаралық жолаушылар мен жолжүкті тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру, олардың бағыттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына арналған конкурстарды ұйымдастыру және өткізу және маршруттарға арналған кестені бекіту;

10) таксист ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

11) энергияны үнемдеуге және энергия тиімділігіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

12) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; мемлекеттік қызметтерді көрсету;

13) ауданды жылумен және электр энергиясымен, сумен, газбен, су бұрумен тұрақты жабдықтау мақсатында жеткізушілер мен тұтынушылармен өзара өзара әрекет ету;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Ведомствоның функциялары:

1) жылу энергияны өндіру, тарату және үйлестіру;

2) сумен жабдықтау;

3) суды бұру;

4) коммуналдық қалдықтарды көму.

 
Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
Мақалалар
12 февраля 2026
Заң және Тәртіп
12 сентября 2025
Ескертулер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы