"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31546 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Емтихан пункттері "ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі" мамандығы бойынша теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы жүзеге асырады. Оқыту қорытындылары бойынша емтихан пункттері теориялық және практикалық емтихандар (қорытынды аттестаттау) қабылдайды, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беріледі.
Барлық санаттағы машиналарды басқару құқығына емтиханды өтініш берілген күні емтихан пункттерінде емтихан комиссиялары қабылдайды.
Емтихан "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын және оқу бағдарламаларында көзделген машиналарды пайдалану қауіпсіздігі туралы білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Емтихан тапсыруға рұқсат беру және куәлік беру азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша, ал ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтарына келген жері бойынша жүзеге асырылады.
Емтихан қабылдау тестілеу арқылы жүргізіледі және он сұрақтан тұрады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін тракторшы-машиниске кандидатқа 30 (отыз) минут беріледі.
Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең төмен техникалық талаптар осы Қағидаларға 1-1-қосымшада көрсетілген.
Кем дегенде сегіз сұраққа дұрыс жауап берілген кезде "Тапсырды" деген қорытынды баға қойылады, ал қарсы жағдайда "Тапсырмады" деген баға қойылады.
"Тапсырмады" деген теріс баға алған жағдайда, қайта емтихан қабылдау алдыңғы емтиханды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кейін жүзеге асырылады.
Емтихан тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан парағына жазылады.
Емтихан тапсырған адамдарға емтихан парағының негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәлік беріледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Б" және (немесе) "Д" санаттары "А", "В" және "Г" бағандарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие (көрсетілетін қызметті алушының тиісті машиналардағы жалпы жұмыс өтілі кемінде алты ай) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені көрсетілетін қызметті алушының жұмыс өтілін растайтын құжат болып табылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын және механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қабылдаған күні жауапты орындаушыны айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі бойынша оның негізінде көрсетілетін қызметті алушыны көлік құралын басқарудың арнайы құқығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтерді тексереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініштегі мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинистің куәлігін беру кітабына тіркеу жазуын енгізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – "А", "С", "Г", "В" және "Д" санаттарындағы тракторшы-машинист куәліктерін "қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі" жазбасы бар тракторшы-машинист куәліктерін немесе тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты рәсімдейді.
Куәліктің телнұсқасын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау кезінде куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабындағы жазба негізінде көрсетілетін қызметті алушының жүгінген жері бойынша куәліктің берілгені туралы мәліметтер болмаған және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тыңдалым нәтижелері бойынша куәліктің телнұсқасы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Куәлік көрсетілетін қызметті алушыларға жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде, тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабында олардың жеке қолы қойылып беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинист куәлігінің дайын екендігі туралы хабарламаны не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 615-бабы 9-тармақшасына сәйкес белгіленген мемлекеттік бажды бюджетке төлейді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі ‒ Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Министрлік осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
25-тармақ алып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Куәлікті ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі;
2) пайдалануға жарамсыз болуы;
3) 10 (он) жыл қолданылу мерзімінің өтуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша.
Куәлікті ауыстыру Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізіледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгісі бар жаңа куәлік:
1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының жүгінген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
Тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазуды нақтылауды куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушіге тиісті сұраным жіберу арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.";
32-тармақ алып тасталсын;
40, 41, 42, және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-қимыл жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) шағымды жібермейді.
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық эконмика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі