
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев бүкіл республика бойынша "Таза Қазақстан"тұрақты экологиялық акциясын іске қосты Бұл акция сенбіліктер өткізуді ғана емес, бүкіл ел бойынша қалалар мен ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды көздейді Акцияны өткізу сапасын арттыру, халықтың мүмкіндігінше көп санын тарту үшін жұртшылық белсенді тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылау маңызды Осы мақсатта ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап веб-сайтта жұмыс істейтін аттас ақпараттық жүйе іске қосылды tazaqazaqstan.kz сондай-ақ Taza qazaqstan Телеграмботы арқылы Ақпараттық жүйенің мәні мынада: әрбір азамат елді мекенді абаттандыруға байланысты кез келген проблемамен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады Бұл "Таза Қазақстан"ақпараттық жүйесіне өтінім беру арқылы жүзеге асырылады