Покров ауылдық округінің 2025-2027 жж азаматтық бюджеті
Ауылдық округтің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2020-2022 жылдарға арналған бюджет параметрлерін және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын негізге ала отырып әзірленді.
Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 78 «Денисов ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімін орындау мақсатында Покров ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 6 «Денисов аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 78 «Денисов ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы», Покров ауылдық округінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеті қабылданды.