Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
2.Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздеріСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
2) талдау объектісінің қызметі туралы есептілік;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған, талдау объектісінің қызметі туралы Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды адамдарын жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсынымдар;
11) талдау объектісінің қызметшілеріне, қызметкерлеріне сауалнама жүргізу нәтижелері;
12) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бұрынғы ішкі талдауының нәтижелері;
13) талдау объектісінің қызметкерлеріне, қызметкелеріне сауалнама жүргізу нәтижелері;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынылуына тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.
I.Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
1.1.Негізгі функцияларды жүзеге асыру
Нормативтік база:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жүргізілген талдау нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін Ереженің нормативтік сипатын өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ішке құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (бұдан әрі –ІҚ)
Покров ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары (Покров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 17-ө өкімімен бекітілген)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жүргізілген талдау нәтижелері бойынша лауазымдық нұсқаулықтың нормативтік сипатын еркін түсіндіру мүмкіндігін түдыратын құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Лауазымдық нұсқаулық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін сипаттайтын үлгілік лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес әзірленген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталмаған
2.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
«Покров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына сәйкес келесі Мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру".
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»;
«Кеңтін немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беру»
«Жер учаскесін алу кезегіне дейін жеткізу»
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер ЭҮП арқылы электрондық форматқа ауыстырылды.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңды, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтауы бойынша құжаттар мен материалдар зерделенді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: әкімшілік рәсімдерге "үймелеу".
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Ережеге сәйкес, АЖ арқылы түскен өтініш бір мезгілде сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөліміне жолданады. Өтініш бойынша шешім қабылдау үшін 7 жұмыс күні беріледі. Бұл жағдайда АЖ өтінішті тек жер қатыныстары бөліміне жіберуге болады. Реестр мен өтінішті қағаз жүзенде сәулет бөліміне жібереміз. Осылайша, АЖ –да Жер кодексіне сәйкес өтінішті бірінші кезекте қабылдау қажет сәулет бәліміне жоқ.
Жою бойынша ұсыныстар: Сәулет және қала құрылысы бөлімінің өтінімдерді қарау кезеңін қосу арқылы Ережеге өзгерістер енгізу және оларды АЖ сәйкес келтіру .
2.2.Кадр саясаты
Персоналды басқару. Кадрлардың қозғалысы
Мемлекеттік қызмет:
Штаттық саны- 3. Нақты саны -3. Бос орындар - 0.
Қызметке қабылданғандар: 2024 жылы-1 қызметші
Жұмыстан шығарылғандар: 2024 жылы-1 қызметші
Теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандар-0.
Тағылымдама: -0
Кадрлардың біліктілігін арттыру / қайта даярлау (өтетін орны: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы):
2024 жыл -0
2025 жыл-1
Тәртіптік тәжірибе
Покров ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар, мемлекеттік қызметшінің мәртебемен сабақтас шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңаммасы мен Әдеп кодексінің талаптары қатал сақталады. Талдау өткізген сәтте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңаммасы мен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауына байланысты тәуекелдердің пайда болғанын растайтын оқиғалар болған жоқ.
Мүдделер қақтығысы
Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталмаған
Қаржылық –шаруашылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу өткізу рәсімі мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы ашық және барлық әлеуетті өнім берушілерге қол жетімді және мемлекеттік сатып алулар электронды түрде өтеді, сондықтан жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен арасында сөз байласу азайтады, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану деңгейін төмендетуге жәрдемдеседі.
«Покров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 43 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталмаған
Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы
Құжаттамалардың есебі
Салалық НҚА: "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2023жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы.
Жыл сайын есепті кезеңде тұрақты және жеке құрамның құжаттарын цифрландыру жүргізіледі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
2.4.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен 01.06.2024 жылдан бастап 01.06.2025 жылға дейінгі кезеңде жеке және заңды тұлғалардың 6 өтініші қаралды. Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері заңнамада белгіленген тәртіппен қаралды, келіп түскен өтініштерді қарау кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Өтініштерді тіркеу және есепке алу азаматтарды қабылдау мен өңдеудің (бірыңғай платформасында) E-otinish жүзеге асырылады
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталмаған
2.6.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамдық мониторинг нәтижелері
2024 жылғы 1 маусымнан бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
2.7. Бақылау және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыруАуылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау-қадағалау, лицензиялау функцияларын жүзеге асырмайды. Бақылау функциясы ауылдық округі аппаратының аппаратында қызметкерлердің еңбек тәртібін, әдеп нормаларын сақтауын қадағалау бөлігінде жүзеге асырылады, бұл функция басқа жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды.
2024 жылғы маусымнан бастап 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жауапкер ретінде алты сот процесіне қатысты. " мүлікті иесіз және коммуналдық меншікке өткен мүлекті тану " талап қою талаптарының мәні. Мемлекеттік органның талап қою бойынша ұстанымы:"Шешім соттың қарауына, талаптар жоқ".
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Бақылау органдарын тексеру және басқа да шаралар нысандары 2024 жылдың 1 маусымнан 2025 жылғы 1 маусымға дейін талдау объектісіне қатысты тексеру жүргізілген жоқ.
2024 жылдың 1 маусымнан 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде фискалдық органдардан тексерулер болған жоқ.
2.11. Құқық қорғау органдарынан, үкіметтік емес ұйымдардан және а Талдау барысында «Покров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ уәкілетті тұлғалары тарабынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және азаматтардан түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ.
Қорытынды. Деректерге талдау жүргізу нәтижесінде жұмыс тобы "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен деп бағаланады деген қорытындыға келді.