Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26976 болып тіркелді
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақталған адамға куәлік беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақталған адам куәлігінің үлгісі бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
Ақталған адамға куәлік беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақтау туралы анықтама – Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокуратура органдары, сот беретін құжат;
2) ақталған адам – Заңға сәйкес ақталған адам;
3) ақталған адамның куәлігін беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Ақталған адамның куәлігін беру тәртібі
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету (немесе көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Ақталған адамға куәлік |
Нысан
_____________________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________________
(тұратын мекенжайы)
Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның
куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса
беремін:
_______________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осымен ұсынылған құжаттардың дәйектілігін растаймын. Куәлікті беру үшін қажетті менің
дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20___жылғы "__" __________ _______________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды: ________________________________________ қабылдады.
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20___жылғы "__" _________ ____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
|
|
Ақталған адамға куәлік |
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу каналдары) |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) куәлік (куәлік телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша куәлік немесе оның телнұсқасы |
|
|
|
6 |
Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады; 2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мынадай құжаттар қажет: 1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі; 3) өкілі арқылы жүгінген жағдайда – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады. |
|
|
|
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Стандарттың 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 3. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторизацияланған қолданушыларға қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдалану арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау керек. |
|
|
|
|
Ақталған адамға куәлік |
|||
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясының № ____ филиалы (мекен-жайын көрсету) мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес
топтамасын, сонымен қатар қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуға байланысты
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан
бас тартады, оның ішінде:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________.
Осы қолхат 2 (екі) данада жасалған, әр жаққа бір-бірден
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің қолы)
Телефон (бар болса) __________________
Қабылдады: 20__ жылғы "___" ____________
_______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
|
|
Қазақстан Республикасының |
Нысан
Ақталған адам куәлігінің үлгісі
Куәліктің беткі жағы
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Герб Республики Казахстан
Ақталған адамның КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ реабилитированного лица
Куәліктің ішкі жағы
|
__________________________________ Куәлікті берген уәкілетті органның атауы __________________________________ Наименование уполномоченного органа, выдавшего удостоверение КУӘЛІК сериясы ________ № __________ серия УДОСТОВЕРЕНИЕ |
Куәлікті ұсынушы адамның "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарға құқығы бар. Куәліктің мерзімі белгіленбеген және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Берілген күні 20___ жылғы "__" ___ Мөрдің орны _______________________________ Уәкілетті орган басшысының қолы Предъявитель удостоверения имеет право на льготы и преимущества, установленные Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий". Удостоверение бессрочное и действует на всей территории Республики Казахстан. Дата выдачи "__" ____ 20___ года Мөрдің орны / Место печати ______________________________ Подпись руководителя уполномоченного органа |
|||||
|
ФОТО
|
|
|
||||
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» стан