Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары

Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің миссиясы:

1)  елді-мекендер мен аумақтардың жоспарлық дамуын қамтамасыз ету;

2) объектілерді постулизациялау және аяқталмаған объектілерді консервациялау, құрылыс материалдарын дайындау, құрал-жабдықтар монтажының, бар объектілерді өзгерту немесе тұрғызу жолымен өндірістік емес және өндірістік тағайындаулардың негізгі қорларының құрылуын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1) бекітілген селолық елді мекендердің бас жоспарын, аудан аумағын қала құрылысын жоспарлау кешендік жүйесін іске асыру бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметін координациялау;

2) ведомстваға қарасты аумақтарда мемлекеттік сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс саясаттын өткізу;

3) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудандық объектілерді қайта құруы және құрылысы бойынша жылдық және болашақ бағдарламаларды әзірлеу;

      Функциялары:

1) құрылыс салу ережесін, қала құрылысы тәртіпті сақтау, бекітілген қала құрылысы құжаттамаларға сәйкес құрылыс жобаларын іске асырылуын қадағалауды жүзеге асыру;

2) қала құрылысы мақсаттар үшін жер учаскелерін беру, объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

3) аудан аумағында тұрғын-үйдің және есік алды құрылыстарының құрылысына рұқсаттық құжаттамаларды ресімдеу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта құрумен немесе  құрылыспен аяқталған объектілерді қолданысқа қабылдауда қатысу;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмаларды және коммуналдық қызметтер мен инженерлік қаптамасыз етуге техникалық шараларды берелді;

6) лицензиялау органдарымен, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясымен, жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

7) ауданның кешендік құрылыс салуын жүзеге асыруға және бас жоспардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте құрылыстағы (құрылысқа жоспарланған) кешендер мен объектілердің мониторингін жүргізу;

9) ауданның коммуналдық меншік  объектілеріне арналған жобалық – сметалық құжаттамалардың дайындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

10) коммуналдық меншік объектілеріндегі орындалудағы құрылыстық-монтаждық жұмыстарға бақылауды жүзеге асыру;

11) Аудандық маңызы бар тұрғын-үй қорының, коммуникациялардың, тарихи ескерткіштердің және мәдениеттің сақталуын, олардың ұсталуына (қолдануға, пайдалануға) бақылау ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

13) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен белгіленген  өкілдіктерінің шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет саласындағы  басқа да мәселелердің шешілуі.