
Ішкі саясат бойынша мынадай жұмыстар жүргізіледі: қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру, ауылдық округ аумағында діни, үкіметтік емес, жастар ұйымдарына қатысты мемлекеттік саясатты дәйекті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының орындалуына тәуелсіз Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, оларды жою туралы ұсынымдар беру, қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының саяси бағытына көрнекі үгіт құралдарының мазмұнының сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру, ішкі саясат, Мемлекеттік жастар саясаты, тілдерді дамыту, Діни қызмет, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, жастар бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесу және үйлестіру салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестіктердің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру, дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын және ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.