
Тапсырмалар:
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
тілдерді үйрену және дамыту үшін жағдай жасау;
дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
Әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ олардың ерікті қызмет принципіне негізделген құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.