«Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Орналасқан мекен-жайы: 110513, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Қырым ауылы, Ленина көшесі, 2 үй. байланыс телефоны: 8-71434-96-4-31, электрондық пошта: akkrum@mail.kz, e-mail: s.salkimbaeva@kostanay.gov.kz
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және айроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші 6 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
6 (бес) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;
3) Барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ресми Интернет-ресурста және «Денисов ауданының Қырым ауылы
әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендінде еркін қолжетімділікте орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету Facebook (instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет алу тәсілдері туралы халықты тұрақты негізде ақпараттандыру жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мақсатында әкім аппаратының жауапты қызметшілері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.) қатысады. Өтініш жасаған жағдайда қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы білікті кеңес алады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Жер қатынастары саласында, әкім аппаратымен көрсететін 3 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және оңтайландырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты әкім аппаратының қызметшісі өзінің білім деңгейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді оқып зерделеу жолымен көтереді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2025 жылы арыз-шағымдар болған жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2025 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тексеру жүргізген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері .
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстың тиімді болу үшін және қызметтер сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру үшін 2026 жылы мыналар жоспарлануда:
қабылдау;
көрсету рәсімі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу;
қызметшілеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша іс-шараларға қатысу;
- мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға ауыстыру бойынша
жұмысты жалғастыру;
Денисов ауданы Қырым ауылының әкімі А.Жакупов