Денисов ауданы Қырым ауылының азаматтық бюджеті
2025-2027 жылдарға арналған
2025-2027 жылдарға арналған ауыл бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, ҚР-ның 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлері және мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылды.
Аудандық бюджеттің бекітілуіне байланысты мәслихаттың 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №100 "Денисов ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы" шешімімен ауылдық округтің параметрлері бекітілді.
Түсімдер
Үш жылдық кезеңге түсетін түсімдердің құрамында кірістердің болжамы салықтардың мынадай түрлерінің түсімдерін ескере отырып қалыптастырылды:
жеке табыс салығы, мүлік салығы, мүлік салығы, көлік салығы, Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар.
Ауылдың 2025 жылға арналған кірістері (трансферттерді есептемегенде) бойынша бюджеті 109363,4 мың теңге сомасында, 2026 жылға 24 430,0 мың теңге сомасында, 2027 жылға 24 602,0 мың теңге сомасында айқындалған.
Ауылдық округ бюджетінде 2024 жылға арналған жоғары тұрған бюджеттен 85219,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген.
Аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі
ауыл бюджетіне Денисов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген, 2025 жылға 16260,0 мың теңге сомасында, 2026 жылға 17 350,0 мың теңге сомасында, 2027 жылға 17380,0 мың теңге сомасында.
2025-2027 жылдарға арналған ауыл бюджетінің негізгі параметрлері
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Түсімдер Олардың кірістері: |
111048,4 |
63264,0 |
24602,0 |
|
Салық түсімдері |
6140,0 |
6041,0 |
7222,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Трансферттер түсімдері |
104908,4 |
57725,0 |
17380,0 |
|
Шығындар |
111273,8 |
63264,7 |
24602,0 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
|
|
|
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
26529,0 |
57725,0 |
23284,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
453,0 |
453,0 |
417,0 |
|
Көлік және коммуникация |
80302,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Абаттандыру |
3988,0 |
5086,0 |
901,0 |
Аудан бюджетінің салалар бойынша шығыстары:
2025 жыл
2026 жыл
2027 жыл
Аудан бюджетінің салалар бойынша шығыстары:
2026 ж.
2027 ж.
2028 ж.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 2025 жылға-453,0 мың теңге қарастырылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары
2025-2027 жылдарға арналған
мың теңге
Іс шаралардың атауы 2025 жыл 2026 жыл 2027 жыл
Барлық шығындар:
Елді мекендерді абаттандыру 3988,0 870,0 901,0
Коммуналдық шаруашылық 453,0 403,0 417,0
Көлік және коммуникациялар 80302,0 0 0
Басқалары 0 0 0
Анықтама:
Ең төменгі жалақы мөлшері - 85000 теңге.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері-35596 теңге.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 69049 теңге.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-4325 теңге.
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 01 желтоқсандағы Заңына сәйкес