
Жоспарланған терроризм актілері туралы қолда бар ақпарат бойынша 102 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган сыйақы төлейді.
Сыйақы бір мезгілде төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 255 – бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК));
2) ҚК – нің 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша-1000 (бір мың) АЕК.
Терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпарат үшін сыйақы.