ЖОБА
«Денисов ауданының әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жария сервитут белгілеуі туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының Глебовка ауылының әкімі ШЕШТІ:
1.«Денисов ауданының әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы Денисов ауданы Глебовка ауылын сумен жабдықтаудың тарату желілерін салу» объектісіне Глебовка ауылын сумен жабдықтау желілерін пайдалану және қызмет көрсету мақсатында 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге, жер учаскесіне – 5,636 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгілесін.
2.«Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыннның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Р.Турганов