«Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша есебі

«Денисов ауданының  Глебовка  ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер мәселелері бойынша есебі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

      «Денисов ауданының Глебовка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Денисов  ауданының Глебовка ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Орналасқан мекен-жайы: 110504 , Қостанай облысы, Денисов ауданы, Глебовка   ауылы, Центральная  көшесі, 42 үй. байланыс телефоны: 8-71434-94-3-73, электрондық пошта: akimat_glebovka@kostanay.gov.kz.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және айроғарыш  өнеркәсібі министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші 6 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

 

  1. Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгертуге шешім беру;
  2. Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  5. Жер учаскесін алуға кезекке қою.
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

6 (бес) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

 

 

3) Барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

        2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 4 құрады:

         Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-www.elicense.kz (портал) 4 Мемлекеттік қызмет көрсетілді

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

                               

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ресми  Интернет-ресурста және «Денисов ауданының Глебовка  ауылы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендінде еркін қолжетімділікте орналастырылған.

 

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

 

      Мемлекеттік қызмет көрсету (instagram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет алу тәсілдері туралы халықты тұрақты негізде ақпараттандыру жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мақсатында әкім аппаратының жауапты қызметшілері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.) қатысады. Өтініш жасаған жағдайда қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы білікті кеңес алады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

      Жер қатынастары саласында, әкім аппаратымен көрсететін 3 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және оңтайландырылған.

 

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. 

      Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты  әкім аппаратының қызметшісі өзінің білім деңгейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді оқып зерделеу жолымен көтереді.

    

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2024 жылы арыз-шағымдар болған жоқ.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

      2024 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

 

     

 

  2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және бағалау бойынша уәкілетті  орган  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тексеру жүргізген жоқ.

      4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері .

      2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

      Әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстың тиімді болу үшін және қызметтер сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру үшін 2025 жылы мыналар жоспарлануда:

  • мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету үшін қажетті шаралар

қабылдау;

  • тұрақты негізінде әкім аппаратымен ұсынатын мемлекеттік қызмет

көрсету рәсімі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне жауапты әкім аппаратының

қызметшілеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша іс-шараларға қатысу;

     - мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға ауыстыру бойынша

жұмысты жалғастыру;

  • осы есепті жариялау арқылы талқылауды жүргізу.

 

 

Денисов ауданы Глебовка  ауылының әкімі:                      Р.Турганов            

Дата публикации
26 марта 2025