«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Денисов ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Орналасқан мекен-жайы: 110500, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 6 құрылыс. байланыс телефоны: 8-71434-2-22-77, электрондық пошта: denakimat@mail.kz, e-mail: akimat_denisovka@kostanay.gov.kz
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының Цифлық даму, инновациялар және айроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші 6 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
2023 жылда мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысының саны 25, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз түрінде және «электрондық үкімет» портал арқылы электрондық формат түрінде, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтеусіз негізінде берілген. 2023 жылда келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет берілген:
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 2 (екі), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 3 (үш), көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 20 (жиырма), «электрондық лицензиялау» портал арқылы.
3) Барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша 2023 жылғы барынша талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылады:
- «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 20 (жиырма) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «электрондық лицензиялау» портал арқылы берілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының нормаларымен сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат еркін қол жетімділікте Денисов ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ, «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендте орналастырылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мақсатында, әкім аппаратының жауапты қызметшілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы әр түрлі іс-шараларға қатысып тұрады (семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.). Өтініш жасаған жағдайда қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы білікті кеңес алады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Жер қатынастары саласында, әкім аппаратымен көрсететін 3 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған және оңтайландырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты әкім аппаратының қызметшісі өзінің білім деңгейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді оқып зерделеу жолымен көтереді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2023 жылы арыз-шағымдар болған жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2023 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тексеру жүргізген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері .
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстың тиімді болу үшін және қызметтер сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру үшін 2024 жылы мыналар жоспарлануда:
қабылдау;
көрсету рәсімі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу;
қызметшілеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша іс-шараларға қатысу;
жұмысты жалғастыру;
Денисов ауылдық округінің әкімі Н. Каримбаев