Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда белгілі бір нәтижелермен сипатталады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1106 млн. теңгені немесе облыста өндірілген өнімнің 3,6% -ын құрады. Физикалық көлем индексі 106% құрайды.
Ірі қара мал басы – 18734 бас немесе 103,8% (2025ж.- 18047 бас).
Сиыр –8466 бас немесе 100,1% (2025ж.- 8457 бас).
Шошқа - 3327 бас немесе 101,5% (2025ж- 3278 бас).
Жылқы - 6211 бас немесе -97,9% (2025 ж.- 6345 бас).
Қой-ешкі -17320 бас немесе – 100,4% (2025 г- 17249 бас)
Құс саны -37233 бас немесе 99,4% (2025ж- 37440 бас).
387,9 тонна ет өндірілді немесе 95,1 (2025ж-407,8 мың тонна).
Сүт өндірісі 1928,5 тоннаны құрады немесе 125,2% 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2025 жылы – 1540,8 тонн).
Тауық жұмыртқасы 58,4 мың дана немесе 97,2% (2025 ж- 60,1 мың дана).
Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 704 кг. Бір тауық жұмыртқасының орташа шығымы- 12 дана.
Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -1627 бас немесе 107,5%, торапай – 1358 бас немесе 102,8%, қозы, лақ -1584 бас немесе 100,2%, құлын - 146 бас немесе 135,2%. (пайыз 2025 жылға есептеледі).
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдері 410,6 млн. теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,1% құрайды (2025 жылы – 643,5 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 157,7% құрады.
Инвестициялық қызмет
Аудан экономикасына 615 млн. теңге инвестицияланды, бұл өткен жылға қарағанда 94 млн. теңгеге аз. Нақты көлем индексі - 81,6%. 1395 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылға қарай 131,2% (2025 ж. - 1063 шаршы метр).
Бюджет
Ағымдағы жылы аудан бюджетінің көлемі 3,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 2,2 млрд.теңгені. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістері 283,7 млн. теңгені құрайды, субвенция –67,3 млн. теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –39,5 млрд. теңге. Бюджеттің шығыс бөлігі жоспардан 99,8% - ға игерілді.(446,9 млн. теңге )
Салық түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 829,4 млн. теңгені құрады немесе 170,5%, оның ішінде, республикалық бюджетке 403,4 млн. теңге, немесе жоспардан 392,9%. Жергілікті бюджетке – 425,9 млн теңге, немесе 111,03%, аудандық бюджет -301,5 млн теңге немесе 124,1%.
Салықтар бойынша берешек 46,8 млн. теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерлік
Ауданның экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.
Ауданда 751 шағын кәсіпкерліктің субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда 746 жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар, жалпы санындағы белсенді халықтың үлесі 99,3 % құрайды.
Бөлшек тауар айналымының көлемі – 627,3 млн. теңгені құрады, немесе 100% 2025 жылға. Көтерме сауда көлемі – 2084,5 млн. теңгені құрады.
Әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 305 адамнан 31 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 10,2%, қоғамдық жұмыстарға 39 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 3,3 %.
Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 19 отбасы немесе 94 адам тұрады.
2025 жылдың қаңтар –қыркүйеқ айларындағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 7,7% - ға өсіп, 289 386 теңгені құрады.
Денсаулық
Туберкулезбен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 6,9-ға төмендеп, 7,3-ті құрады, абсолюттік көрсеткіште ағымдағы жылы 1 және 2025 жылы 2 жағдай. 1000 тірі туғанға шаққанда нәресте өлімі 40 және 1 оқиғаны құрайды (2025 ж. - 0). Ана өлімі тіркелген жоқ.
«Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 6 маманға бюджеттік несие 60 млн. 550 мың теңге. Қөтерме жәрдемақы 30 маманға - 12 миллион 975 мың теңге сомасында төленді.