Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы 2026 жылғы қаңтар-желтоқсан үшін ақпарат

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда  белгілі бір  нәтижелермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі  52552,4 млн. теңгені немесе облыста өндірілген  өнімнің 5,5% -ын құрады. Физикалық көлем индексі 138,1% құрайды.

Ірі қара мал басы –  18374 бас немесе 101,8% (2024ж.- 18049 бас).   

Сиыр  –8390 бас немесе 99,4% (2024ж.- 8443 бас).

Шошқа   - 2425  бас немесе  101,4% (2024ж- 2391 бас).

         Жылқы  - 6147 бас немесе -97,1%  (2024 ж.- 6328 бас).    

          Қой-ешкі  -15856 бас немесе – 100,2% (2024 г- 15821 бас)

         Құс саны -37985 бас немесе 99,5% (2024ж-  38186  бас).

2105,1 тонна ет өндірілді немесе 78,3 (2024ж-2687 мың тонна).

         Сүт өндірісі  11898,2  тоннаны құрады немесе 101,6% 2024  жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2024 жылы – 11708 тонн).

Тауық жұмыртқасы  903,5 мың дана немесе 82,9%  (2024 ж- 1089,5 мың дана).

Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 4322 кг. Бір тауық жұмыртқасының орташа шығымы- 139 дана.

Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -6580 бас немесе 96,2%,  торапай – 3441 бас немесе 87,7%, қозы, лақ -5546 бас немесе 81,8%, құлын -  1273 бас немесе 82,8%. (пайыз 2024 жылға есептеледі).  

          

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдері  3393 млн. теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,1% құрайды (2024 жылы – 2628,4 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 152,9% құрады.

 

Инвестициялық қызмет

Аудан экономикасына 10 496 млн. теңге инвестицияланды, бұл өткен жылға қарағанда 261 млн. теңгеге артық. ФКИ -99,3%.

2884 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2024 жылға қарай  111,8% (2024 ж. – 2579 ш.м.).

 

Бюджет

Ағымдағы жылы аудан  бюджетінің көлемі 8,7 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 2,2 млрд.теңгені. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістері 260,7 млн. теңгені құрайды, субвенция –227,5 млн. теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –2,8 млрд. теңге. Бюджеттің шығыс бөлігі жоспардан 100% - ға игерілді.(8754,9 млн. теңге )

Салық түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 3613,1 млн. теңгені құрады  немесе 107%,  оның ішінде, республикалық  бюджетке  838,8 млн. теңге, немесе жоспардан 96%. Жергілікті  бюджетке – 2747,3 млн теңге, немесе 110,9%, аудандық бюджет -2280,9 млн теңге немесе 104,9%.

Салықтар бойынша берешек 5,5 млн. теңгені құрады.

 

Шағын кәсіпкерлік

Ауданның  экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.

Ауданда 769 шағын кәсіпкерліктің субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда  753 жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар, жалпы санындағы белсенді халықтың үлесі 97,9 % құрайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  – 3999,1 млн.  теңгені құрады, немесе 100,5% 2024 жылға. Көтерме сауда көлемі  – 9802,5 млн.  теңгені құрады.

 

Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 855 адамнан 617 адам  жұмысқа орналастырылды, немесе 72,2%, қоғамдық жұмыстарға 129 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 2,7 %.

Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 11 отбасы немесе 47 адам тұрады.

2025 жылдың қаңтар –қыркүйеқ айларындағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 7,7% - ға өсіп, 289 386 теңгені құрады.

 

Денсаулық

Туберкулезбен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 44,9-ке артып, 73,1 құрады, абсолютті көрсеткіштер бойынша ағымдағы жылы 10 жағдай және 2024 жылы 4 жағдай. Нәрестелер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 15,3 және 2 жағдайды құрайды (2024 ж. – 0). Ана өлімі тіркелген жоқ.

 «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 3 маманға бюджеттік несие 34 млн. 160 мың теңге, 4 маманға 32 миллион 160 мың теңгеге берілді. Қөтерме жәрдемақы  30 маманға - 11 миллион 796 мың теңге  сомасында төленді. 26 маманға 10 миллион 223 млн теңгеге берілді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы 2026 жылғы қаңтар-желтоқсан үшін ақпарат
Дата публикации
19 января 2026