Ауданның 2025 жылғы қаңтар- қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда  белгілі бір  нәтижелермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі  39865,2 млн. теңгені немесе облыста өндірілген  өнімнің 5% -ын құрады. Физикалық көлем индексі 130,4% құрайды.

Ірі қара мал басы –  1845 бас немесе 97,2% (2024ж.- 19379 бас).       

Сиыр  –8477 бас немесе 98,9% (2024ж.- 8574 бас).

Шошқа   - 2735  бас немесе  90,6% (2024ж- 3020 бас).

         Жылқы  - 5871 бас немесе -98,8%  (2024 ж.- 5942 бас).    

          Қой-ешкі  -16828 бас немесе – 96,8% (2024 г- 17383 бас)

         Құс саны -47217 бас немесе 92,8% (2024ж-  50863  бас).

1790,2 тонна ет өндірілді немесе 79,3 (2024ж-2256,5 мың тонна).

         Сүт өндірісі  10212,4  тоннаны құрады немесе 99,6% 2024  жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2024 жылы – 10253,3 тонн).

Тауық жұмыртқасы  807,8 мың дана немесе 81,9%  (2024 ж- 986,3 мың дана).

Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 3717 кг. Бір тауық жұмыртқасының орташа шығымы- 122 дана.

Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -6096 бас немесе 98%,  торапай – 3199 бас немесе 87,5%, қозы, лақ -5546 бас немесе 81,8%, құлын -  1273 бас немесе 87%. (пайыз 2024 жылға есептеледі).  

          

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдері  2965,6 млн. теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,1% құрайды (2024 жылы – 1966 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 170,2% құрады.

 

Инвестициялық қызмет

Аудан экономикасына 7514 млн. теңге инвестицияланды, бұл өткен жылға қарағанда 59 млн. теңгеге аз. ФКИ -95,9%.

2884 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2024 жылға қарай  129% (2024 ж. – 2235 ш.м.).

 

Бюджет

Ағымдағы жылы аудан  бюджетінің көлемі 8,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 2,1 млрд.теңгені. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістері 261 млн. теңгені құрайды, субвенция –227,5 млн. теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –2,8 млрд. теңге. Бюджеттің шығыс бөлігі жоспардан 99,6% - ға игерілді.(7219,9 млн. теңге )

Салық түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 2767,3 млн. теңгені құрады  немесе 108,9%,  оның ішінде, республикалық  бюджетке  630,9 млн. теңге, немесе жоспардан 123,9%. Жергілікті  бюджетке – 2136,3 млн теңге, немесе 105,2%, аудандық бюджет -1761,3 млн теңге немесе 102,6%.

Салықтар бойынша берешек 18 млн. теңгені құрады.

 

Шағын кәсіпкерлік

Ауданның  экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.

Ауданда 781 шағын кәсіпкерліктің субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда  775 жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар, жалпы санындағы белсенді халықтың үлесі 99,2 % құрайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  – 2907,8 млн.  теңгені құрады, немесе 100,4% 2024 жылға. Көтерме сауда көлемі  – 5945,2 млн.  теңгені құрады.

 

Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 758 адамнан 546 адам  жұмысқа орналастырылды, немесе 72%, қоғамдық жұмыстарға 127 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 2,9 %.

Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 9 отбасы немесе 34 адам тұрады.

2025 жылдың қаңтар –қыркүйеқ айларындағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 7,7% - ға өсіп, 289 386 теңгені құрады.

 

Денсаулық

Туберкулезбен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3-ке артып, 58,3 құрады, абсолютті көрсеткіштер бойынша ағымдағы жылы 8 жағдай және 2024 жылы 4 жағдай. Нәрестелер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 18,3 және 2 жағдайды құрайды (2024 ж. – 0). Ана өлімі тіркелген жоқ.

 «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 8 маманға бюджеттік несие 74 млн. 708 мың теңге, 1 маманға 7 миллион 500 мың теңгеге берілді. Қөтерме жәрдемақы  30 маманға - 11 миллион 796 мың теңге  сомасында төленді. 25 маманға 6 миллион 9,830 млн№ теңгеге берілді.

Ауданның 2025 жылғы қаңтар- қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
19 ноября 2025