Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда белгілі бір нәтижелермен сипатталады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 9028,4 млн. теңгені немесе облыста өндірілген өнімнің 3,5% -ын құрады. Физикалық көлем индексі 96,4% құрайды.
Ірі қара мал басы – 19647 бас немесе 95,1% (2024ж.- 20663 бас).
Сиыр –8522 бас немесе 94,5% (2024ж.- 9019 бас).
Шошқа - 2682 бас немесе 90,4% (2024ж- 2966 бас).
Жылқы - 5938 бас немесе -99% (2024 ж.- 6000 бас).
Қой-ешкі -17163 бас немесе – 97,8% (2024 г- 17542 бас)
Құс саны -47818 бас немесе 92,8% (2024ж- 51528 бас).
1435 тонна ет өндірілді немесе 75,7 (2024ж-1895,8 мың тонна).
Сүт өндірісі 8466 тоннаны құрады немесе 97,6% 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2024 жылы – 8677,9 тонн).
Тауық жұмыртқасы 733,4 мың дана немесе 80,9% (2024 ж- 906,1 мың дана).
Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 3096 кг. Бір тауық жұмыртқасының орташа шығымы- 107 дана.
Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -5647 бас немесе 93,7%, торапай – 2940 бас немесе 87,4%, қозы, лақ -5546 бас немесе 81,8%, құлын - 1273 бас немесе 87,1%. (пайыз 2024 жылға есептеледі).
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдері 2568,2 млн. теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,1% құрайды (2024 жылы – 1169,5 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 171,4% құрады.
Инвестициялық қызмет
Аудан экономикасына айларында 6929 млн. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдан 1052 млн. теңгеге жоғары. ФКИ -114,2%.
2884 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2024 жылға қарай 142,8% (2024 ж. – 2019 ш.м.).
Бюджет
Ағымдағы жылы аудан бюджетінің көлемі 8,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 2,1 млрд.теңгені. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістері 240 млн. теңгені құрайды, субвенция –227,5 млн. теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –2,6 млрд. теңге. Бюджеттің шығыс бөлігі жоспардан 97,9% - ға игерілді.(5612,9 млн. теңге )
Салық түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 2290,4 млн. теңгені құрады немесе 109,4%, оның ішінде, республикалық бюджетке 519,3 млн. теңге, немесе жоспардан 118,7%. Жергілікті бюджетке – 1771,1 млн теңге, немесе 106,9%, аудандық бюджет -1466,2 млн теңге немесе 102,2%.
Салықтар бойынша берешек 13,3 млн. теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерлік
Ауданның экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.
Ауданда 782 шағын кәсіпкерліктің субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда 774 жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар, жалпы санындағы белсенді халықтың үлесі 98,7 % құрайды.
Бөлшек тауар айналымының көлемі – 2384,5 млн. теңгені құрады, немесе 99,8% 2024 жылға. Көтерме сауда көлемі – 4763,7 млн. теңгені құрады.
Әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 629 адамнан 343 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 54,5%, қоғамдық жұмыстарға 123 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 2,7 %.
Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 11 отбасы немесе 57 адам тұрады.
2025 жылдың қаңтар –маусым айларындағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 3,7% - ға өсіп, 274 680 теңгені құрады.
Денсаулық
Туберкулезбен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 36,6-ке артып, 50,4 құрады, абсолютті көрсеткіштер бойынша ағымдағы жылы 7 жағдай және 2024 жылы 2 жағдай. Нәрестелер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 12,9 және 1 жағдайды құрайды (2024 ж. – 0). Ана өлімі тіркелген жоқ.
«Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 8 маманға бюджеттік несие 74 млн. 708 мың теңге, қөтерме жәрдемақы 30 маманға - 11 миллион 796 мың теңге сомасында төленді. 13 маманға 5 миллион 111 мың теңгеге берілді.