Ауданның 2025 жылғы қаңтар- шілде әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда  белгілі бір  нәтижелермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі  4315 млн. теңгені немесе облыста өндірілген  өнімнің 3,5% -ын құрады. Физикалық көлем индексі 87,8% құрайды.

Ірі қара мал басы –  19952 бас немесе 94,5% (2024ж.- 21108 бас).     

Сиыр  –8483 бас немесе 94,3% (2024ж.- 8997 бас).

Шошқа   - 2694  бас немесе  90,5% (2024ж- 2976 бас).

         Жылқы  - 6002 бас немесе -99,5%  (2024 ж.- 6034 бас).    

          Қой-ешкі  -17318 бас немесе – 98,2% (2024 г- 17635 бас)

         Құс саны -48038 бас немесе 92,8% (2024ж-  51786  бас).

1269,7 тонна ет өндірілді немесе 72,2 (2024ж-1745,8 мың тонна).

         Сүт өндірісі  7524,1  тоннаны құрады немесе 96,6% 2024  жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2024 жылы – 7792,3 тонн).

Тауық жұмыртқасы  658,4 мың дана немесе 79,8%  (2024 ж- 825,2 мың дана).

Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 2738 кг. Бір тауық жұмыртқасының орташа шығымы- 92 дана.

Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -5473 бас немесе 92,4%,  торапай – 2857 бас немесе 87,3%, қозы, лақ -5546 бас немесе 81,8%, құлын -  1256 бас немесе 86%. (пайыз 2024 жылға есептеледі).  

          

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдері  2369,5 млн. теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,1% құрайды (2024 жылы – 771,2 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 156,6% құрады.

 

Инвестициялық қызмет

Аудан экономикасына айларында 5816 млн. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдан 161 млн. теңгеге жоғары. ФКИ -99,8%.

1227 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2024 жылға қарай  69,4% (2024 ж. – 1768 ш.м.).

 

Бюджет

Ағымдағы жылы аудан  бюджетінің көлемі 8,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 2,1 млрд.теңгені. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістері 240 млн. теңгені құрайды, субвенция –227,5 млн. теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –2,6 млрд. теңге. Бюджеттің шығыс бөлігі жоспардан 94,4% - ға игерілді.(3399,8 млн. теңге )

Салық  түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 1891,1 млн. теңгені құрады  немесе 121,7%,  оның ішінде, республикалық  бюджетке  425,1 млн. теңге, немесе жоспардан 153,4%. Жергілікті  бюджетке – 1465,9 млн теңге, немесе 114,9%, аудандық бюджет -1214,8 млн теңге немесе 112,4%.

Салықтар бойынша берешек 7,3 млн. теңгені құрады.

 

Шағын кәсіпкерлік

Ауданның  экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.

Ауданда 776 шағын кәсіпкерліктің субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда  766 жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар, жалпы санындағы белсенді халықтың үлесі 98,7 % құрайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  – 2235,9 млн.  теңгені құрады, немесе 99,8% 2024 жылға. Көтерме сауда көлемі  – 4573,7млн.  теңгені құрады.

 

Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 550 адамнан 392 адам  жұмысқа орналастырылды, немесе 71,3%, қоғамдық жұмыстарға 125 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 2,9 %.

Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 11 отбасы немесе 53 адам тұрады.

2025 жылдың қаңтар –маусым айларындағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 3,7% - ға өсіп, 274 680 теңгені құрады.

 

Денсаулық

Туберкулезбен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 22,1-ке артып, 35,9 құрады, абсолютті көрсеткіштер бойынша ағымдағы жылы 5 жағдай және 2024 жылы 2 жағдай. Нәрестелер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 14,2 және 1 жағдайды құрайды (2024 ж. – 0). Ана өлімі тіркелген жоқ.

 «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 8 маманға бюджеттік несие 74 млн. 708 мың теңге,  қөтерме жәрдемақы  30 маманға - 11 миллион 796 мың теңге  сомасында төленді. 12 маманға 4 миллион 718 мың теңгеге берілді.

Ауданның 2025 жылғы қаңтар- шілде әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
25 августа 2025