2020 жылдың 9 қазанында Денисов ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері «№ 40 балалар бақшасы» МКҚК мен «Автомобилист» спорт кешенінің жөнделуіне қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында № 40 балалар бақшасының меңгерушісі З.Майер Қоғамдық кеңес мүшелеріне жөндеу жұмыстарының нәтижелерін нақты көрсетті.
«Автомобилист» спорт кешенінде шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Н.Тверитинова Қоғамдық кеңес мүшелерін жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды, онда фитнес залы, бокс залы, жаттығу залы және әкімшілік бөлмелері қаралды.
Нысандарды бақылау бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысы әлі де жалғасады.


