АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жангелдин ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе  фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша өткізілмеген лоттар бойынша қайта конкурс өткізеді. Конкурс Жангелдин ауданы,Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі, 4 (Жангелдин ауданы әкімдігінің 3 қабатында) мекенжайы бойынша 2024 жылғы 4 желтоқсан сағат 10:00- де өтеді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2024 жылдың 20 қарашадан бастап  3 желтоқсанға дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (қабылдау уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейін, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін-түскі үзіліспен) «Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ: Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Торғай ауылы, Тоқтабаев көшесі 50, мекенжайы бойынша. Конкурсқа қатысуға өтінім 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпарат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз тасығышта, қолма-қол,не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы өтінімдерді беру мерзімі ақталғанға дейін беріледі. Конкурсқа қатысу үшін немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурстық ұсыныстар,өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап аяқталғанға дейін он күн ішінде,ұйымдастырушыға қолма-қол тапсырады. 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

№

лот

Орналасқан жері

Алаңы,     га

Алқаптардың құрамы

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Нысаналы мақсаты

Жалдау мерзімі

1

Шилі ауылдық округі

800

жайылымдар және басқалары

ашық қоңыр топырақты

жоқ

шаруа қожалығын жүргізу үшін

48 жыл

2

Қалам-Қарасу  ауылдық округі

2500

жайылымдар және

ашық қоңыр топырақты

жоқ

шаруа қожалығын жүргізу үшін

48 жыл

Барлығы:

3300 га

 

Конкурстық құжаттама туралы ақпарат http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/ сайтынан алуға болады.

Анықтама телефоны : 8 (71439) 26-4-41

Дата публикации
08 ноября 2024