Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

                                                                                                  ЖОБА

             

 

Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы  № 76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

 

 

Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін :

 2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;"

6 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«10) табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, бір рет, 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өзінің қолданысын 2024 жылғы 1сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
12 апреля 2024