Ауданның 2020 жылғы қаңтар-шілдеде
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда белгілі бір нәтижелермен сипатталады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5 млрд 158 млн. теңгені немесе облыста өндірілген өнімнің 4,4 % -ын құрады. Физикалық көлем индексі 100,6 % құрайды.
Ірі қара мал басы – 30519 бас немесе 99,5 % (2019ж.- 30687 бас).
Сиыр –11987 бас немесе 99 % (2019ж.- 12105 бас).
Шошқа - 10314 бас немесе 97,7 % (2019ж- 10561 бас).
Жылқы - 4322 бас немесе -108% (2019ж.- 4003 бас).
Қой-ешкі -20922 бас немесе – 100,2 % (2019 г- 20890 бас)
Құс саны -140472 бас немесе 94,7 % (2019ж- 148343 бас).
2 мың 877 тонна ет өндірілді немесе 96,8 % (2019ж-2973 мың тонна).
Сүт өндірісі 15 мың 925,9 тоннаны құрады немесе 103 % 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2019 жылы – 15466 тонна).
Тауық жұмыртқасы 8983,2 мың дана немесе 100 % (2019 ж- 8982,5 мың дана).
Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 2288 кг. Бір тауықтан жұмыртқалардың орташа өнімділігі 98дана немесе 101% құрайды.
Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -9984 бас немесе 93,9 %, торапай - 6880 бас немесе 100,9%, қозы,лақ -6616 бас немесе 86,6 %, құлын - 1127 бас немесе 98,6 %. (пайыз 2019 жылға есептеледі).
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдері 1205 миллион теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,2 % құрайды (2019 жылы – 1273,2 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 113,3 % құрады.
Инвестициялық қызмет
Аудан экономикасына 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында 3203 млн. теңге инвестиция құйылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 264 млн. теңгеге көп. Оның ішінде 58,4% жеке инвестициялар (2939 млн. теңге). ФКИ -104,4 %.
Орындалған құрылыс жұмыстардың көлемі 1908 миллион теңге, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 139,4%. 1215 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, немесе 235,5 %.
Бюджет
Ағымдағы жылы аудан бюджетінің көлемі 6 миллиард 27 миллион 686 мың теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 934 миллион 242 мың теңге, субвенция –1 миллиард 930 миллион 192 мың теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –852 миллион 588 мың теңге.
Бюджеттің шығыс бөлігі 3 миллиард 351 миллион 417 мың теңге немесе жоспардың 100% сомасында игерілді.
Салық түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 781 936 мың теңгені құрады немесе 105,3%, оның ішінде, республикалық бюджетке 148 289 мың теңге, немесе жоспардан 86,2%. Жергілікті бюджетке – 633 647 мың теңге, немесе 111 %.
Салықтар бойынша берешек 3620 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- аудандық бюджетке – 2981мың теңге.
Шағын кәсіпкерлік
Ауданның экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.
Ауданда 731 шағын кәсіпкерліктің субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда 698 жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар.
Бөлшек тауар айналымының көлемі – 1 165 856 мың теңгені құрады, немесе 97,8 % 2019 жылға.
Әлеуметтік қорғау
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 514 адамға 19 885 мың теңге көлемінде төленді.
Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 409 адамнан 369 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 90,4 %, қоғамдық жұмыстарға 82 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 1 %.
Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 56 отбасы немесе 238адам тұрады.
Қаржыландырудың барлық көздерінен 22 млн. 694 мың теңгеге көмек көрсетілді. Ауданда 560 мүгедек, оның ішінде, 50 - балалар.
2020 жылғы қаңтар-маусымда орташа жалақы былтырғы жылмен салыстырғанда 28% артты немесе 124 354 теңгені құрады.
Денсаулық
100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру 23,2 немесе 4 адамды құрайды. (2019ж. – 33,7), абсолюттік көрсеткіштерде 2019 жылы 6 жағдай тіркелген. 1000 тірі туылғанға шаққанда нәресте өлімі 9,1 және 1 жағдайды құрайды (2019 ж. – 20,6 немесе 2 жағдай). Ана өлімі тіркелген жоқ.
«Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы тұрғын үй сатып алуға 63 млн. 624 мың теңге, 27 маманға көтерме жәрдемақы үшін 7 млн. 158 мың теңге бөлінді, 2 778 мың теңге төленді, 10 маманға.