Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі

Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі

2020 жылғы 14 тамызда ZOOM арқылы онлайн режимінде діни сауаттылықты арттыру бойынша аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Н.А.Балабай Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері арасында «Толеранттылық-конфессияаралық келісімнің негізі», «Қауырт желі-110»тақырыбында дәріс өткізді.

 Іс-шара барысында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қазақстан Республикасындағы, оның ішінде Денисов ауданының аумағында 130-дан астам бейбіт өмір сүріп жатқан этностар туралы, түрлі этностардың салт-дәстүрлері туралы айтып берді.

Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға құзырлы жауаптар алды.

Іс-шарамен барлығы 26 адам қамтылды.

«Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы А. Бондаренко

Дата публикации
18 августа 2020