Мәслихаттың 2020 жылғы 5 наурыздағы №18 «2020 жылға арналған ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

Мәслихаттың 2020 жылғы 5 наурыздағы №18 «2020 жылға арналған ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға  келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан  Республикасының  2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Мәслихаттың 2020 жылғы 5 наурыздағы №18 «2020 жылға арналған Денисов ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«2020 жылға арналған Денисов ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2020 жылға арналған Денисов ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет , спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын».

2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Денисов аудандық

мәслихатының хатшысы                                                               А. Мұрзабаев 

Дата публикации
17 августа 2020