Денисов ауданы Покров ауылдық
округі Покровка ауылы шекарасын (шегі)
өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 5-бабы, 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына сәйкес және Покров ауылдық округі басқару органының пікірін ескере отырып, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, жер қорынан жалпы көлемі 3906,0 гектар жер учаскесін қоса отырып, Денисов ауданының Покров ауылдық округі Покровка аулының шекарасы өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.