2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Ауданның 2023 жылғы қаңтар- қыркүйектегі

  әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат 

        

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда  белгілі бір  нәтижелермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі  23879,1 млн. теңгені немесе облыста өндірілген  өнімнің 4,8% -ын құрады. Физикалық көлем индексі 85,6% құрайды.

Ірі қара мал басы – 25260 бас немесе 99% (2022ж.- 25274 бас).        

Сиыр  –11473  бас немесе 102,3 % (2022ж.- 11219 бас).

Шошқа   - 5580  бас немесе  100,1% (2022ж- 5573 бас).

         Жылқы  - 5935 бас немесе -111,2%  (2022 ж.- 5335 бас).

          Қой-ешкі  -20904 бас немесе – 104,6 % (2022 г- 19986 бас)

         Құс саны -134731 бас немесе 90,7 % (2021ж-  148567  бас).

3019,7 тонна ет өндірілді немесе 108,5 (2022ж-2783,5 мың тонна).

         Сүт өндірісі  18 783,5 тоннаны құрады немесе 103% 2022  жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2022 жылы – 18 243,5 тонн).

Тауық жұмыртқасы  10673,8 мың дана немесе 100,2 % (2022 ж-10 649,6 мың дана).

Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 2796 кг. Бір тауық жұмыртқасының орташа шығымы-125 дана.

Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -9579 бас немесе 99,9%,  торапай - 5151 бас немесе 106,7%, қозы, лақ -6832  бас немесе 104,5%, құлын -  1425 бас немесе 93%. (пайыз 2022 жылға есептеледі).  

          

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдері  1413,7  миллион теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,1% құрайды (2022 жылы – 1225 млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 184,6% құрады.

 

Инвестициялық қызмет

Аудан экономикасына айларында 6497 млн. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 461 млн. теңгеге көп. ФКИ -102,7%.

2144 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2022 жылға қарай  101,9% (2022 ж. – 2105 ш.м.).

Бюджет

Ағымдағы жылы аудан  бюджетінің көлемі 6 миллиард 72 миллион теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер бір миллиард 835 миллион теңгені. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке кірістері 116 миллион 239 мың теңгеніқұрайды, субвенция –268 миллион теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –1 миллиард  954 миллион теңге.

Бюджеттің шығыс бөлігі жоспардан 100% - ға игерілді.(4086,7 млн. теңге )

Салық  түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 2021,6 мың теңгені құрады  немесе 103,2%,  оның ішінде, республикалық  бюджетке  524 млн. теңге, немесе жоспардан 101,2%. Жергілікті  бюджетке – 1497,6 млн теңге, немесе 103,9%, аудандық бюджет -1443,7 млн теңге немесе 102,4%.

Салықтар бойынша берешек  2 337,6 мың теңгені құрады.

 

Шағын кәсіпкерлік

 

Ауданның  экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.

Ауданда 805 шағын кәсіпкерліктің   субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда  768  жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар, жалпы санындағы белсенді халықтың үлесі 95,4 %құрайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  – 2221,6 млн.  теңгені құрады, немесе 101,4% 2022 жылға.

Көтерме сауда көлемі  – 1 629,7 млн.  теңгені құрады, немесе 165,7% 2022 жылға.

Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 693 адамнан 568 адам  жұмысқа орналастырылды, немесе 82%, қоғамдық жұмыстарға 68 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 1,5 %.

Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 39 отбасы немесе 200 адам тұрады.

2022 жылдың қаңтар –маусым айларындағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 27,9% - ға өсіп, 235495  теңгені құрады.

 

Денсаулық

Туберкулезбен сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 1,3 ге төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 53,9-ңі құрады. (2022ж. – 52,6), ағымдағы жылы абсолюттік көрсеткіштерде 8 жағдай, 2022 жылы 8 жағдай тіркелге. Нәрестелер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 8,9 және 1 жағдайды құрайды (2022 ж. – 24, абсолютті түрде –3). Ана өлімі тіркелген жоқ. «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 8 маманға бюджеттік несие 41 млн. 400 мың теңге,  15525,0 мың теңге сомасына 3 бюджеттік кредит берілді.  Көтеру жәрдемақысы 30 маманға 10 млн 350 мың теңгеден, 3 маманға 1 млн 35 мың теңгеден тағайындалды.

 

2023 жылғы қаңтар-тамыздағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
21 сентября 2023