2023 жылдың 3 тоқсанында халық көтеретін проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ р/с |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімдері |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Ескерту/орындау |
|
|
ТҮКШ |
|||||||
|
1 |
Заәйет-Жалтыркөл жолын жөндеу жоспарлануда ма? |
Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық рәсімдерді өткізу |
2023-2024 ж. |
Денисов ауданы әкімінің орынбасары Подело Е.Н., «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және авомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Биктимисов Н.М. |
Атқарылған жұмыстар актісі |
Орындау сатысында. Заәйет–Жалтыркөл жолының 9-18 км учаскесін орташа жөндеуге 14.03.2023 ж. № 19 шарт жасалды, облыстық бюджет қаражаты есебінен 406 млн.189 мың теңге сомаға «Элит пласт Строй» ЖШС жеңімпаз болып танылды. 9 км. асфальтбетон жабыны төселді, ауа райы жағдайлары қалпына келген кезде облыстық бюджет қаражаты есебінен жол белгілері мен орнатылады. Жоспарланған орындалу мерзімі - 30.10.2023 ж. «Самұрық Строй Групп» ЖШС-пен Заәйет–Жалтыркөл жолының 0-9 км жол учаскесін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен жалпы сомасы 429 млн.514 мың теңгеге қаражат есебінен екі жылдық шарт жасалды. Жұмыстар әлі басталған жоқ. Жоспарланған орындау мерзімі 30.10.2024 жыл. |
|
|
2 |
Красноармейск ауылдық округінде көше жарығын монтаждау мәселесін қарау |
Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық рәсімдерді өткізу |
01.10.2023 ж. |
Денисов ауданы әкімінің орынбасары Подело Е.Н., Красноармейск а/о әкімі Хлебников А.К. |
Атқарылған жұмыстар актісі |
Орындалды. 2023 жылдың 4 тамызында Степная, Фрунзенское, Строительная көшелерінде 19 жарықдиодты көше шамдары орнатылды. |
|
|
3 |
Архангельск ауылдық округінің көшелерін жарықтандыру мәселесін қарау
|
Мемлекеттік сатып алу порталында шарт жасасу |
2023 жылғы маусым айы |
Денисов ауданы әкімінің орынбасары Подело Е.Н., Архангельск ауылдық округінің әкімі Ж. О. Мұсабаев |
Атқарылған жұмыстар актісі |
Орындауда. «Адал–И» ЖШС-пен 19 09.2023 ж. № 21 Жалтыркөл. және Архангельское ауылдарында көше жарықтандыруының жарықтандыру жабдықтарын ауыстыру бойынша шарт жасалды. Аудандық бюджеттен 6 млн. 579 мың теңге, жергілікті бюджеттен 421 мың теңге сомасына трансферттер есебінен ақшалай қаражат бөлінді. |
|
|
Сумен жабдықтау |
|||||||
|
4. |
Приреченка және Окраинка ауылдарында су құбырларының құрылысы қашан аяқталады
|
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу |
2022-2023 ж. |
Денисов ауданы әкімінің орынбасары Жанғабулов С.Ә., «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы Гузь К.В., Приречен а/о әкімі Борисов В.С. |
Пайдалануға енгізу актісі |
Орындалуда. Приреченка, Окраинка ауылдарының сумен жабдықтаудың тарату желілері мен құрылыстарын салу. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2023 жж. Жобаның жалпы құны 1 157,0 млн.теңге. Бас мердігер – «КазЕвроСтрой» ЖШС, 2022 жылғы 27 маусымдағы № 21 шарт 2023 жылы 296,7 млн.теңге игерілді (ҰҚ - 228,4 млн.теңге.; ОБ - 68,3 млн. теңге);
|
|
|
5. |
Свердловка ауылдық округінің Свердловка және Подгорное ауылдарында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы қашан аяқталады |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу |
2022-2023 ж.ж. |
Денисов ауданы әкімінің орынбасары Жанғабулов С.Ә., «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы Гузь К.В., Свердлов а/о әкімі Мақаева Г.С. |
Пайдалануға енгізу актісі |
Орындалуда. Жобаның жалпы құны 1 031,5 млн.теңге. Бас мердігер - «КазЕвроСтрой» ЖШС, 2022 жылғы 27 маусымдағы № 21 шарты. Шарт сомасы – 993,3 млн.теңге. 2022 жылы 592,9 млн.теңге игерілді (ҰҚ - 551,6 млн.теңге.; ОБ – 41,3 млн.); 2023 жылға 438,6 млн.теңге бөлінді (ҰҚ - 376,7 млн.теңге, ОБ – 61,9 млн.теңге); 2023 жылы 381,8 млн.теңге игерілді (ҰҚ - 332,0 млн.теңге.; ОБ – 49,8 млн.). |
|
|
6. |
Досовка ауылындағы су құбырының меншік иесі жоқ, су құбырын «Дидар» МКК балансына беру мүмкіндігін қарау қажет |
«Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ меншік иесін бекіту рәсімді қарау |
2023 жылғы 4-ші тоқсан |
Денисов ауданы әкімінің орынбасары Подело Е.Н., «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және авомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Дощанова Ә.Б. |
Әкімдіктің бекіту туралы қаулысы |
Орындалуда Ұзындығы 311 қума метр болатын Досовка ауылындағы су құбырымен жер учаскесін ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткізілген іс-шаралардан кейін жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге және су құбырын «Дидар» МКК балансына беруге шарттар жасалатын болады.
|
|