Қоғамдық кеңестің рөлі

Қоғамдық кеңестің рөлі

 

2016 жылдың ақпан айында аудандық мәслихатпен Қоғамдық кеңес құрылды. Ол дербес және тәуелсіз болып табылады, бірақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен және конкурстық негізде 3 жылға сайланатын азаматтардан қалыптасады. Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады. Жергілікті жерде қоғамдық кеңес құру қоғам мен билік арасындағы сындарлы диалог пен жалпы өзара түсіністікті құру қажеттілігінен туындады.

Бүгінгі күні кеңестің аудан бюджетінің жобаларын, осы бюджеттің атқарылу есебін, ауданның стратегиялық даму жоспарларын, НҚА, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелерді және басқаларды талқылаудан бастап үлкен өкілеттілік аясы бар.

Бұдан басқа, кеңес азаматтық қоғам институттары мен биліктің кез келген пішіндер мен форматтарда өзара іс-қимылын қамтамасыз ете алады, жергілікті мемлекеттік органдардың жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-шараларды іске асыруына қоғамдық бақылауды, сондай-ақ, халық проблемаларына мониторингті жүзеге асыра алады, қоғамдық маңызы бар жобаларға бастамашылық жасай алады және қолдау көрсете алады.

Кеңес өзінің функционалдық мақсаты бойынша халықтың кез келген өзекті проблемаларын әзірлеу және конструктивті шешімдерді қабылдау үшін әмбебап диалог алаңы болып табылады. Халықтың қоғамдық тыңдауларға қатысуы кеңес қызметінің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады.

Қоғамдық кеңес аса маңызды мәселелерді ашық және жариялы талқылауды, қоғамдық пікірді мемлекеттік органдарға жеткізуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, кеңес мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын арттыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қоғамдық кеңес 12 отырыс өткізді, онда 23 мәселе қаралып, мемлекеттік органдардың 3 есебі тыңдалды. Негізінен кеңес отырыстарында Денисов ауданы әкімі шешімдерінің жобалары және Денисов аудандық мәслихаты шешімдерінің жобалары қаралады.

Қоғамдық кеңестің қызметі жалғасатын болады.

Дата публикации
07 июля 2020