ЖОБА
Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Денисов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Денисов ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері, осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.