Ауданның 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

Ауданның 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда  белгілі бір  нәтижелермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3 млрд 39 млн. теңгені немесе облыста өндірілген  өнімнің 4,5 % -ын құрады. Физикалық көлем индексі 101,5 % құрайды.

Ірі қара мал басы – 30715 бас немесе 95,5 % (2019ж.- 32179 бас).     

Сиыр  –12495 бас немесе 101,1 % (2019ж.- 12361 бас).

Шошқа   -  10295  бас немесе  94 % (2019ж- 10957 бас).

         Жылқы  - 4223 бас немесе -106,5 %  (2019ж.- 3964 бас).  

          Қой-ешкі  -21985 бас немесе – 96,8 % (2019 г- 22708 бас)

         Құс саны -116796 бас немесе 100 % (2019ж-  116817  бас).

 2 мың 139 тонна ет өндірілді немесе 100,1 % (2019ж-2138,2 мың тонна).

         Сүт өндірісі 8 мың 672 тоннаны құрады немесе 102,1 % 2019  жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2019 жылы – 8490 тонна).

Тауық жұмыртқасы 6480 мың дана немесе 100 % (2019 ж- 6479 мың дана).

Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнімділігі: сауын мал табынындағы сиырдың орташа сүт өнімділігі - 1388 кг. Бір тауықтан жұмыртқалардың орташа өнімділігі 63 дана немесе 100% құрайды.

Ауыл шаруашылық жануарларынан төлдің келуі: бұзау -8994 бас немесе 97,3 %,  торапай - 5482 бас немесе 100,3%, қозы,лақ -6570  бас немесе 86,8 %, құлын -  686 бас немесе 99,3 %. (пайыз 2019 жылға есептеледі).  

          

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдері  939  миллион теңгеге өндірілді, бұл облыстық өндіріс көлемінен 0,2 % құрайды (2019 жылы – 895,7  млн.теңге). Физикалық көлемнің индексі 141,5 % құрады.

 

Инвестициялық қызмет

Аудан экономикасына 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында  2055 млн. теңге инвестиция құйылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 220 млн. теңгеге көп. Оның ішінде 66,3% жеке инвестициялар (1362 млн. теңге).  ФКИ -105,8 %.

         Орындалған құрылыс жұмыстардың көлемі 502 миллион теңге, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда  110%. 511 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, немесе 202 %.

 

Бюджет

Ағымдағы жылы аудан  бюджетінің көлемі 6 миллиард 21 миллион 846 мың теңгені құрайды, оның ішінде, меншікті кірістер 970 миллион 770 мың теңге, субвенция –1 миллиард  930 миллион 192 мың теңге, дамуға арналған мақсатты трансферттер –814  миллион 606 мың теңге.

Бюджеттің шығыс бөлігі  2 миллиард 26 миллион 472 мың теңге немесе жоспардың 100% сомасында игерілді.

 

Салық  түсімдері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер 581 524 мың теңгені құрады  немесе 103,4%,  оның ішінде, республикалық  бюджетке  121239,4 мың теңге, немесе жоспардан 86,4%. Жергілікті  бюджетке – 460281,7 мың теңге, немесе 109 %.

Салықтар бойынша берешек 4031 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- аудандық  бюджетке – 4012,4 мың  теңге.

 

Шағын кәсіпкерлік

Ауданның  экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің халықтың жұмыспен қамтылу процестеріне және халыққа және кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер ететін маңызды орындардың бірі болып табылады.

Ауданда 706 шағын кәсіпкерліктің   субъектісі (ШКС) тіркелген, оларда  674  жалданып жұмыс істейтін жұмыскерлер бар.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  – 872 297 мың  теңгені құрады, немесе 94,4 % 2019 жылға.

 

         Әлеуметтік қорғау

         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 478 адамға  12736 мың теңге көлемінде төленді.

         Жұмыспен қамту орталығына өтінім білдірген 294 адамнан 258 адам  жұмысқа орналастырылды, немесе 87,8 %, қоғамдық жұмыстарға 63 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейі 1 %.

         Жұмысрен қамту бөлімінде кірістері кедейлік шегінен аспайтын 99 отбасы немесе 478 адам тұрады.

Қаржыландырудың барлық көздерінен 12 млн. 736 мың теңгеге көмек көрсетілді. Ауданда  446 мүгедек, оның ішінде, 46 - балалар.

         2019 жылғы қаңтар-наурыздағы орташа жалақы былтырғы жылмен салыстырғанда 19,6% артты немесе 110 814 теңгені құрады.

 

Денсаулық

100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру 17,3 немесе 1 адамды құрайды. (2019ж. – 33,8), абсолюттік көрсеткіштерде 2019 жылы 6 жағдай тіркелген. 1000 тірі туылғанға шаққанда нәресте өлімі 16,4 және 1 жағдайды құрайды (2019 ж. – 32,3 немесе 2 жағдай). Ана өлімі тіркелген жоқ.

«Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру»  бағдарламасы аясында ағымдағы жылы тұрғын үй сатып алуға 63 млн. 624 мың теңге, 27 маманға көтерме жәрдемақы үшін 7 млн. 158 мың теңге бөлінді, 1393,2 мың теңге төленді, 5 маманға.

Ауданның 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
01 июня 2020