«Аудан әкімдігінің, әкімінің, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің 2020 жылға арналған нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кестесін бекіту туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 123-ө аудан әкімінің өкіміне өзгеріс енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33- бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітліген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 13 тармағына сәйкес:
2020 жылға арналған аудан әкімдігінің, әкімінің, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кестесі осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Б.Нұрғалиев