Мәслихаттың 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған   бюджеті туралы» 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 2 шешіміне (2020 жылғы         15 қаңтарда Қазақстан Республикасы  нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше   1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 5 830 720,6  мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 921 942,0 мың теңге;  

салықтық емес түсімдер бойынша – 7 300,0 мың теңге; 

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 5 000,0  мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 896 478,6 мың теңге;   

2) шығындар – 5 944 145,9 мың теңге; 

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 43 707,0 мың теңге, оның iшiнде: 

бюджеттiк кредиттер –  63 624,0  мың теңге; 

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 917,0 мың теңге;   

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  0,0 мың теңге, оның iшiнде: 

қаржы активтерiн сатып алу – 0,0 мың теңге;    

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 157 132,3 мың теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             157 132,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 4-тармағы мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«10)  Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдар жол картасы шеңберінде «Автомобилист»  стадионының футбол алаңын ағымдағы жөндеуге;

11) Қазақстан  Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтердің төлемі бойынша халықтың төлемақысын өтеуге.»;

5-тармақта:

18) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 19) - 26) тармақшалармен толықтырылсын:

«19) Қостанай облысының аумағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға;

20) Денисовка ауылында Патрис Лумумба  43 көшесіндегі  ғимаратты тұрғын үй үшін реконструкциялауға. Инженерлік желілерге;

21) Денисовка ауылында Патрис Лумумба  43 көшесіндегі  ғимаратты тұрғын үй үшін реконструкциялауға. Абаттандыруға;

22) адамның иммун тапшылығы вирусы бар балаларға жәрдемақы тағайындауға;

23) амбулаториялық емделуде жатқан туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек тағайындауға;

24) штаттық режимде жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептер үшін маскалар мен қолғаптар сатып алуға;

25) Денисовка ауылының №40 бөбекжай-бақшасын ағымдағы жөндеуге;

26) Денисовка ауылында  Патрис Лумумба  43 көшесіндегі  ғимаратты тұрғын үй үшін реконструкциялауға жобасы бойынша Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудан бюджетіне кредит беруге. Түзетуге.»;

7- тармақта:

 5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«10) Денисов ауданы Денисовка ауылындағы  50 лет Октября көшесін орташа жөндеуге;

11) Денисов ауданы Денисовка ауылындағы Первомайская көшесін орташа жөндеуге.»;

10-тармақта:

4) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) ауылдар және ауылдық округтер аппараттарының ағымдағы шығыстары;

  6) заңнаманың өзгеруіне байланысты төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2, 4-қосымшалары осы шешімнің  1,  2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                            Аты-жөні

Мәслихаттың 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Денисов ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
24 июня 2020