2020 жылғы қаңтарда Денисов ауданы әкімінің және ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

2020 жылғы қаңтарда Денисов ауданы әкімінің және ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

№ р/с

Айтылған ұсыныстар/

ескертулер

Ұсыныстарды/

ескертулерді орындау мерзімі және іске асыру бойынша іс-шаралар

Жауаптылар

Ескерту

1

Қырым ауылында хоккей кортын салу және спорттық киім алу мүмкіндігін зерделеу.

2020 жылғы қазан

Сақтағанов Қ.С. – Қырым ауылдық округінің әкімі

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және ауылдық округтің өмір сүру сапасын жақсарту аясында «Крымское» ЖШС жер учаскесін дайындауға кірісті, хоккей кортын салу үшін шекаралар белгіленді.

2

Аудан орталығында су құбыры мен кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жүргізілген жұмыстардан кейін Денисовка ауылындағы жолдарды және жаяу жүргіншілер аймағын жөндеу қажет.

2020 жылғы желтоқсан

Наконечный В.В. – Денисов ауылдық округінің әкімі

«Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы аясында Денисовка ауылының көшелерін ағымдағы жөндеу жоспарланған. 2020 жылдың наурыз–мамыр айларында осы жобаларды іске асыруға шарттар жасалды («АБЗ плюс» ЖШС, Қостанай қ. және «КМ Жол Строй» ЖШС, Жітіқара қ.). Жұмыстың аяқталу мерзімі: Мельничная, Маслозаводская көшелері – 2020 ж. маусым; Первомайская, «50 лет Октября» – 2020 ж. шілде; Калинин, Элеваторная көшелері – 2020 ж. тамыз. Жобаның жалпы сомасы - 372,4 млн. теңге.

 

3

Аудандық кітапхана ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге қаржыландыру қажет.

2020 жылғы желтоқсан

Хасанова Р.С. – «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы

«Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Денисов орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ мемлекеттік сатып алу порталында «Стройпроект 07» ЖШС-пен ғимаратты техникалық тексеру туралы шартқа қол қойды; ғимаратқа тексеру жүргізілді. 2020 жылғы 12 мамырда ғимаратты техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі ұсынылды. 2020 жылғы 13 мамырда мемлекеттік сатып алу порталына «Стройпроект 07» ЖШС өнім берушімен 1485,0 мың теңге сомасында ғимараттың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге шарт жіберілді және келісілді, 2020 жылғы 21 мамырда шартқа қол қойылды. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімі 90 жұмыс күні.

4

Некрасовка ауылындағы саябақ аумағын абаттандыру және «Азалы ана» ескерткішін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу

2020 жылғы желтоқсан

Наконечный В.В. – Денисов ауылдық округінің әкімі, Хасанова Р.С. – «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы

2020 жылғы сәуір айында Некрасовка ауылындағы саябақты қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді: ағаштар кесілді, қоқыс жиналды, шөп шабылды. «Лари» ЖШС (Некрасовка а.) күшімен «Азалы ана» ескерткішіне ағымдағы жөндеу жасалды, 6 адам қатысты, 13,0 мың теңге жұмсалды.

5

Денисовка ауылында хоккей кортын салу мәселесін қарау

2020 жылғы желтоқсан

Наконечный В.В. – Денисов ауылдық округінің әкімі

2020 жылы Денисовка ауылында, Калинин көшесі, 3А бойынша хоккей кортын салу жұмыстар жоспарланды, Денисов ауданының әкіміне хоккей кортын орналастыру үшін жер учаскесін бөлуге келісу туралы өтініш жіберілді (26 .02.2020 ж., № 131).  «Хоккей кортын орналастыру» объектісін орналастыру үшін жер учаскесін таңдау актісі келісілді. Жұмыс жалғасуда.

 

 

 

 

6

Денисовка ауылындағы «Автомобилист» спорт кешенін жөндеу қажет

2020 жылғы қазан

Филатова Н.В.  – «Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы

Жарықтандыру жүйесін, жылыту жүйесін, су құбыры мен кәріз жүйесін жөндеу, спорт залы мен бокс залындағы еденді жөндеу, шатырды жөндеу, қабырғалар мен төбелерді ағымдағы жөндеу, кабинеттер мен киім шешетін орындарды жөндеу жоспарланған.

Бүгінгі күні «Айым 2005» ЖШС-пен 27 931,8 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарына конкурс өткізіліп, шарт жасалды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

2020 жылғы қаңтарда Денисов ауданы әкімінің және ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулері барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
15 июня 2020