2022 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – талдау) объектісі Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 78 Бұйрығымен құрылған жұмыс тобының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Талдаудың мақсаты Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою болып табылады.
Талдаудың міндеті Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою болып табылады.
Қызмет Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 171 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту орталығының Жарғысымен реттеледі:
1) талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған талдау объектісінің қызметі туралы Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің деректері;
3) есепті кезеңде тексерулер жүргізілмеген ;
4) жұмыспен қамту орталығының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, персонал ішінде мүдделер қақтығысы туындаған жоқ.
5) есепті кезеңде жеке тұлғалардан өтініштер түскен жоқ;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін объектінің жауапты лауазымды адамдары, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды және заңды басқа да бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар жоқ;
7) талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істер фабуласы жоқ;
1.1. Негізгі функцияларды жүзеге асыру
Нормативтік база:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ
Негіздеме:
2.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Жұмыспен қамту орталығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері : тәуекелдер анықталмаған
Негіздеме:
2.2. Кадрлар саясаты
Персоналды басқару. Кадрлардың ауысуы
Азаматтық қызмет:
Штаттық саны-10. Нақты саны -10.
Қызметке қабылданды – 2022 жылғы 1 мамырға қызметшілер қабылданған жоқ.
Жұмыстан шығарылғандар: 2022 жылғы 1 мамырға – азаматтық қызметшілер жұмыстан босатылған жоқ.
Теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандар-жоқ.
Тағылымдама: жоқ
Кадрлардың біліктілігі арттыру/қайта даярлау 2022 жылдың 1 мамырына – азаматтық қызметшілерге жоспарланбайды.
Тәртіптік тәжірибе
2022 жылдың 1 мамырына – жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Өндіріп алу түрлері-жоқ. Жазаларды мерзімінен бұрын алу фактілері жоқ.
Мүдделер қақтығысы
Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
2.3. Процестерді цифрландыру. Құжатайналымы
Құжаттаманы есепке алу
Салалық НҚА: құжат айналымы «Еңбек нарығы» ААЖ, «Әлеуметтік көмек» ААЖ, «Е-Otinish» - азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің жалғыз платформасы, «Еңбек» ЭЕБ, 1-С кәсіпорындар, Қазынашылық АЖ, ҚР Мемлекеттік сатып алу АЖ жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: тәуекелдер анықталмаған.
Негіздеме:
Ақпараттық жүйелер
«Еңбек нарығы» ААЖ, «Әлеуметтік көмек» ААЖ, «Е-Otinish» - азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің жалғыз платформасы, «Еңбек» ЭЕБ, 1-С кәсіпорындар, Қазынашылықтың АЖ, ҚР Мемлекеттік сатып алу АЖ, жеке және заңды тұлғалармен тікелей өзара іс-қимылды болдырмайды.
2.4. Жекежәнезаңдытұлғалардыңөтініштерінқарау
Жұмыспен қамту орталығы ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталмаған.
Негіздеме:
2.5. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жұмыспен қамту орталығының қызметі ақпараттық стендтерде, аудандық газетте, Денисов ауданы әкімдігінің сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады.
Негіздеме:
2.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг нәтижелері
Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
2.7. Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру
Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталмаған
2.8. Сот практикасын талдау
Жұмыспен қамту орталығына қатысты азаматтық-құқықтық процестер қозғалған жоқ
2.9. Бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері туралы мәліметтер
Өткен кезеңде объектіге қатысты Бақылаушы органдардың тексерулері және тексеру сипатындағы іс-шаралардың өзге де нысандары жүргізілген жоқ:
|
№ р/б |
Бақылаушы органның атауы |
Өткізу күні / кезеңі |
Негіздеме |
Анықталған бұзушылықтар |
Нәтижесі |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
2.10. Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері
Талдау барысында талдау объектісінің уәкілетті тұлғалары тарапынан, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және азаматтардан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат берілмеген.
2.11. БАҚ және өзге де ақпарат көздерінің мониторингі
Есепті кезеңде талдау объектісінің уәкілетті тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мониторингінің деректеріне, жарияланымдарға сәйкес анықталған жоқ..
Әлеуметтік желілерді, блог-платформаларды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген хабарламалардың өзге де интернет-ресурстарын ақпараттық талдаумен де анықталған жоқ.
III. Қорытындылар
Ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Жұмыспен қамту орталығының қызметіне талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралмайды, өйткені орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын және өзге де НҚА-ны басшылыққа алады.
Орындаушылар:
Маман: Т. Иванова
Маман: Е. Кульжанов
Маман: Е. Наконечная
Маман: М. Радько
Әлеуметтік жұмыс
жөніндегі кеңесші: Л. Шефер
Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту
орталығы» КММ директоры А. Жакупов